Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматыда дәрігерлер 24 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды

Алматыда дәрігерлер 24 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері 24 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

Жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан қызға 46 жастағы әйелдің жүрегі салынды. Бұл осы институтта жасалған жетінші жүрек трансплантациясы. Күрделі операция сәтті өтіп, пациент оңалту кезеңіне дайындалып жатыр.

Жанна Туматаеваға 6 күн бұрын жүрек трансплантациясы жасалды. Ол жүрек жетіспеушілігімен дүниеге келіпті. Аурудың азабын әбден тартады. Ауыр дерттің дауасы – тек трансплантация еді. Жаннаға 46 жастағы әйелдің жүрегі салынды. Инсульт алып, миы істен шыққан донордың жақындары өзге адамдарды құтқаруға келісім берген. Соның арқасында Жанна сынды бірнеше науқастың өмірін құтқарып қалды.

Жанна Туматаева, реципиент:

- Шынымды айтсам, денсаулығым жақсарып, өмірдің жаңа парағын ашамын деген үмітім үзіліп бара жатыр еді. Дімкәс жүрекпен күн кешем деп ойлайтынмын. Сондықтан маған донор болған жанға және туыстарына, операция жасаған дәрігерлерге алғысым шексіз. Дәрігерлер нағыз ғажайып мамандар. Рахмет!

Операциядан кейін Жанна көбірек қимылдауға тырысып жүр. Ота жасалғалы бері жақын құрбысы Дарья жанында. Жүрсе сүйеу болып, ас-суын беріп көмектесіп келеді. Жаннаның жанында болу үшін ол жұмыстан демалыс алыпты. Дәрігерлердің айтуынша, осындай операциялардан кейінгі оңалту кезеңінде жақын адамның қолдауы ауадай қажет.

Дарья Мунтаниол, Жанна Туматаеваның құрбысы:

- Жаннаның қасына бір адам жатып көмектесу керек деген соң бірден келдім. Мұндай ауыр операция жасалған адам бір сәтке жалғыз қалмау керек. Сонымен қатар қазір Жаннаға физикалық және психологиялық көмек қажет.

Бұл Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жасалған жетінші жүрек трансплантациясы. Институт дәрігерлері жүрек алмастыру операциясын 2023 жылдан бастап жасайды. Дегенмен сау ағзаға мұқтаж жандардың саны көп екен. Өткен жылдың дерегі бойынша, елімізде 168 ересек адам және 7 бала жүрек ауыстыру кезегінде тұр.

Ғалымжан Сұлтанов, «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ кардиохирургі:

- Созылмалы жүрек жетіспеушілігі емдеу бағдарламасының негізінде осы кісіге жүрек алмастыру операциясы жасалды. Операциямыз сәтті өтті, операциядан кейінгі жағдай науқаста бірқалыпты. Алла бұйырса, келешекте реабилитация бөлімшесіне ауыстыруға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, елімізде мәйіттік донорға деген көзқарас жақсарып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа электронды түрде 12 мыңнан аса адам келісім берген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Айдос Қалиев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 21:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары