Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Алматыдағы дүкендердің бірінде ер адам қымбат сусабынды киімінің астына жасырып, төлем жасамай алып кетпек болған. Алайда оның әрекетін сатушылар байқап, полиция шақырған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, дүкенге екі ер адам кіріп, алдымен ішімдік сөрелерін, кейін тұрмыстық химия бөлімін аралаған.
Кассаға келгенде олардың бірі тек мармеладтың ақшасын төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған. Бірақ сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан.
Күдіктіні ұстау кезінде оның таныс әйелдерінің бірі араша түсуге тырысып, жанжал шығарған. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жағдайды ушықтырған.
Нәтижесінде сусабынды төлемей алып кетпек болған ер адам мен оған араша түскен әйел полиция басқармасына жеткізілді.