Алматыда мармеладқа төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған ер адам ұсталды видео
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Алматыдағы дүкендердің бірінде ер адам қымбат сусабынды киімінің астына жасырып, төлем жасамай алып кетпек болған. Алайда оның әрекетін сатушылар байқап, полиция шақырған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, дүкенге екі ер адам кіріп, алдымен ішімдік сөрелерін, кейін тұрмыстық химия бөлімін аралаған.
Кассаға келгенде олардың бірі тек мармеладтың ақшасын төлеп, сусабынды жасырын алып өтпек болған. Бірақ сатушылар күмәнді әрекетті дер кезінде байқап, дабыл қаққан.
Күдіктіні ұстау кезінде оның таныс әйелдерінің бірі араша түсуге тырысып, жанжал шығарған. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жағдайды ушықтырған.
Нәтижесінде сусабынды төлемей алып кетпек болған ер адам мен оған араша түскен әйел полиция басқармасына жеткізілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 13:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















