Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл қаланың көше-жол желісін қыс мезгіліне дайындау жұмыстары аясында қолға алынды.
Фото: Алматы әкімдігі— Уақытша қоршауларды алып тастау коммуналдық қызметтің қар мен мұзды дер кезінде тазалауына, жол бойында қар үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады әкімдіктен.
Қала көшелерінде аталған қоршаулар алынғанымен, веложолақтардың өзі сақталып, қауіпсіздік талаптарына сай жұмысын жалғастыра бермек.
— Көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін және жол белгілерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Жұмыс қысқа мерзімде аяқталып, қала жолдарының қысқы уақытта қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді, — делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынатынын жазғанбыз.