Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Алматыда қысқы кезеңде веложолдардың қоршауы алынады

Алматыда қысқы кезеңде веложолдардың қоршауы алынады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл қаланың көше-жол желісін қыс мезгіліне дайындау жұмыстары аясында қолға алынды.

— Уақытша қоршауларды алып тастау коммуналдық қызметтің қар мен мұзды дер кезінде тазалауына, жол бойында қар үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алматы әкімдігі

Қала көшелерінде аталған қоршаулар алынғанымен, веложолақтардың өзі сақталып, қауіпсіздік талаптарына сай жұмысын жалғастыра бермек.

— Көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін және жол белгілерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Жұмыс қысқа мерзімде аяқталып, қала жолдарының қысқы уақытта қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді, — делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 15:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары