Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қыста Алматыда ауа сапасы айтарлықтай нашарлайды. Оның негізгі себептерінің бірі ретінде қалаға жылу мен электр энергиясын беріп отырған көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-лар аталады. Билік жылу электр орталықтарын газға көшіру мәселесін көп жылдан бері талқылап келеді. Алматыдағы ЖЭЛ-лар қашан газға көшеді? Редакция анықтап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыста Алматыда ауа сапасы айтарлықтай нашарлайды. Оның негізгі себептерінің бірі ретінде қалаға жылу мен электр энергиясын беріп отырған көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-лар аталады. Билік жылу электр орталықтарын газға көшіру мәселесін көп жылдан бері талқылап келеді. Алматыдағы ЖЭЛ-лар қашан газға көшеді? Редакция анықтап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәселенің мән-жайыЖЭО-2-ні газға көшіру туралы алғаш рет 2017 жылы айтыла бастады. Ол кезде ауысу 2020 жылға дейін аяқталады деп күтілген. Алайда бұл жүзеге аспады.
2021 жылғы наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО-2-ні газға көшіруді жеделдетуді талап етіп, ластану көзі ретінде ЖЭО-3-ті де атап өтті. 2021 жылғы 26 мамырда ол бұл процестің созылуын "мүлде жол беруге болмайтынын" айтты. Сол жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы алматылық ЖЭО-ларға қатысты жаңа тапсырмалар берді.
2026 жылғы 16 қаңтарда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЭО-3-ті жаңғырту қарқынын сынға алып, "алматылықтар тұншығып жатыр" деді.
ЖЭО-3 алаңында Ақкенженов жұмыс кестеден кешіккенін айтып, негізгі себеп ретінде бас мердігердің жұмысты нашар ұйымдастыруын атады.
Сол кезде ЖЭО-3 жаңғырту жобасын жүзеге асыру Энергетика министрлігінің ерекше бақылауына алынып, жұмыстар барысы бойынша апта сайын есеп беруді талап еткені белгілі болды.
Алматыдағы ауа сапасы"Қазгидромет" дерегіне сүйенсек, 2025 жылғы желтоқсанда Алматыда ауа мониторингі ластану деңгейінің жоғары екенін көрсеткен.
"Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды. №5 бекет ауданында азот тотығы концентрациясының артуы тіркелді", - делінген ұйым хабарламасында.
Алматыда атмосфералық ауа жағдайы 16 стационарлық бақылау бекетінде қадағаланады. Олардың төртеуі тәулігіне үш рет қолмен сынама алып, шаң, күкірт диоксиді, көміртек тотығы және ауыр металдарды қоса алғанда 22 көрсеткішті тіркейді.
Тағы 12 автомат станция әр 20 минут сайын дерек жазып, негізгі жеті ластаушыны бақылайды: PM2,5 және PM10 қалқымалы бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді мен азот тотығы, сондай-ақ озон.
Жұмыстар қалай жүріп жатыр?Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы редакция сұрауына жауап ретінде ЖЭО-3-ті қайта жаңғырту 2023 жылғы қыркүйекте басталғанын хабарлады. Бас мердігер - құрамына "KBI Energy Group" ЖШС, "Энерго Спец Строй" ЖШС, "СтандартЭнерго KZ" ЖШС, "СТРОЙИНДУСТРИЯ" кіретін консорциум (EPC-мердігер).
EPC-мердігер негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізуге шарттар жасасқан.
Қазір жобалық-сметалық құжаттама кешенді ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
"Қазір инженерлік-іздестіру жұмыстары, топографиялық түсірілім, бұрғылау жұмыстары, қолданыстағы ғимараттарды ішінара демонтаждау, аумақты тік жоспарлау, құрылыс алаңын уақытша электрмен жабдықтау жүйесін орнату жұмыстары орындалды", - делінген жауапта.
Енді ЖЭО-3 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ, басқарма жобаның қаржыландырылуы қарыз қаражаты мен меншікті қаражат есебінен жүзеге асатынын нақтылады.
ЖЭО-2 бойынша жағдай қалай?Ал ЖЭО-2-де мердігер ретінде Қытай компанияларының консорциумы, соның ішінде Dongfang Electric қатысып жатыр.
"Қосалқы инфрақұрылым бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ турбиналары мен генераторларының екі жиынтығы алаңға жеткізілді, үшінші жиынтық жеткізу процесінде. Төрт су жылыту қазандығын монтаждау жүргізіліп жатыр", - деп көрсетілген жауапта.
Басқарма бұл жоба 2022–2026 жылдары іске асырылып жатқанын айтты. 2025 жылғы 6 қазанда жобалық құжаттама ("П" сатысы) мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Бұл жобаның мақұлданғанын және келесі кезеңге - жұмыс жобалауына және құрылыс жұмыстарына өтуге мүмкіндік бар екенін білдіреді..
Алайда бұл жолы басқарма жұмыстың нақты аяқталу мерзімін атамаған.
Дегенмен 2025 жылғы желтоқсанның аяғында шыққан материалымызда ЖЭО-2 өндірістік басқармасының басшысы Өтешевтің айтуынша, алғашқы турбинаны іске қосу 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланғаны жазылған. Ол құрылыс кестеге сай жүріп жатқанын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться