Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Алматыда ЖЭО лар қашан газға көшіріледі?

Алматыда ЖЭО лар қашан газға көшіріледі?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қыста Алматыда ауа сапасы айтарлықтай нашарлайды. Оның негізгі себептерінің бірі ретінде қалаға жылу мен электр энергиясын беріп отырған көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-лар аталады. Билік жылу электр орталықтарын газға көшіру мәселесін көп жылдан бері талқылап келеді. Алматыдағы ЖЭЛ-лар қашан газға көшеді? Редакция анықтап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайы

ЖЭО-2-ні газға көшіру туралы алғаш рет 2017 жылы айтыла бастады. Ол кезде ауысу 2020 жылға дейін аяқталады деп күтілген. Алайда бұл жүзеге аспады.

2021 жылғы наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО-2-ні газға көшіруді жеделдетуді талап етіп, ластану көзі ретінде ЖЭО-3-ті де атап өтті. 2021 жылғы 26 мамырда ол бұл процестің созылуын "мүлде жол беруге болмайтынын" айтты. Сол жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы алматылық ЖЭО-ларға қатысты жаңа тапсырмалар берді.

2026 жылғы 16 қаңтарда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЭО-3-ті жаңғырту қарқынын сынға алып, "алматылықтар тұншығып жатыр" деді.

ЖЭО-3 алаңында Ақкенженов жұмыс кестеден кешіккенін айтып, негізгі себеп ретінде бас мердігердің жұмысты нашар ұйымдастыруын атады.

Сол кезде ЖЭО-3 жаңғырту жобасын жүзеге асыру Энергетика министрлігінің ерекше бақылауына алынып, жұмыстар барысы бойынша апта сайын есеп беруді талап еткені белгілі болды.

Алматыдағы ауа сапасы

"Қазгидромет" дерегіне сүйенсек, 2025 жылғы желтоқсанда Алматыда ауа мониторингі ластану деңгейінің жоғары екенін көрсеткен.

"Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды. №5 бекет ауданында азот тотығы концентрациясының артуы тіркелді", - делінген ұйым хабарламасында.

Алматыда атмосфералық ауа жағдайы 16 стационарлық бақылау бекетінде қадағаланады. Олардың төртеуі тәулігіне үш рет қолмен сынама алып, шаң, күкірт диоксиді, көміртек тотығы және ауыр металдарды қоса алғанда 22 көрсеткішті тіркейді.

Тағы 12 автомат станция әр 20 минут сайын дерек жазып, негізгі жеті ластаушыны бақылайды: PM2,5 және PM10 қалқымалы бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді мен азот тотығы, сондай-ақ озон.

Жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы редакция сұрауына жауап ретінде ЖЭО-3-ті қайта жаңғырту 2023 жылғы қыркүйекте басталғанын хабарлады. Бас мердігер - құрамына "KBI Energy Group" ЖШС, "Энерго Спец Строй" ЖШС, "СтандартЭнерго KZ" ЖШС, "СТРОЙИНДУСТРИЯ" кіретін консорциум (EPC-мердігер).

EPC-мердігер негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізуге шарттар жасасқан.

Қазір жобалық-сметалық құжаттама кешенді ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

"Қазір инженерлік-іздестіру жұмыстары, топографиялық түсірілім, бұрғылау жұмыстары, қолданыстағы ғимараттарды ішінара демонтаждау, аумақты тік жоспарлау, құрылыс алаңын уақытша электрмен жабдықтау жүйесін орнату жұмыстары орындалды", - делінген жауапта.

Енді ЖЭО-3 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, басқарма жобаның қаржыландырылуы қарыз қаражаты мен меншікті қаражат есебінен жүзеге асатынын нақтылады.

ЖЭО-2 бойынша жағдай қалай?

Ал ЖЭО-2-де мердігер ретінде Қытай компанияларының консорциумы, соның ішінде Dongfang Electric қатысып жатыр.

"Қосалқы инфрақұрылым бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ турбиналары мен генераторларының екі жиынтығы алаңға жеткізілді, үшінші жиынтық жеткізу процесінде. Төрт су жылыту қазандығын монтаждау жүргізіліп жатыр", - деп көрсетілген жауапта.

Басқарма бұл жоба 2022–2026 жылдары іске асырылып жатқанын айтты. 2025 жылғы 6 қазанда жобалық құжаттама ("П" сатысы) мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Бұл жобаның мақұлданғанын және келесі кезеңге - жұмыс жобалауына және құрылыс жұмыстарына өтуге мүмкіндік бар екенін білдіреді..

Алайда бұл жолы басқарма жұмыстың нақты аяқталу мерзімін атамаған.

Дегенмен 2025 жылғы желтоқсанның аяғында шыққан материалымызда ЖЭО-2 өндірістік басқармасының басшысы Өтешевтің айтуынша, алғашқы турбинаны іске қосу 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланғаны жазылған. Ол құрылыс кестеге сай жүріп жатқанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 12:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары