Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
25 қарашада таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жаппай жол апаты болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 қарашада таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жаппай жол апаты болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?Оқырмандар әл-Фараби даңғылындағы жол апатының кадрларын жіберіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, үш көлік соқтығысып, кейін біреуі өртеніп кеткен, зардап шеккендер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)
Олардың сөзінше, өртке байланысты кептеліс пайда болған. 2GIS қосымшасындағы деректер мынадай:
Полиция пікіріАлматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға сағат 7:00-де Бостандық ауданында болған.
"Toyota көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Кейін жолда тоқтап тұрған Lexus-қа Hyundai көлігі келіп соғылған", – деп хабарлады полиция.
Ведомство өкілдері соққыдан кейін Toyota көлігі өртенгенін айтты.
"Апат салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі дене жарақаттарын алған", – деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!