Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыдағы аңызға айналған "Жас Отау" неке сарайының иесі тағы да ауысады. Tengrinews.kz редакциясы әкімдіктен басқарушы компаниямен келісімшартты бұзу себептерін білді.
Алматыдағы аңызға айналған "Жас Отау" неке сарайының иесі тағы да ауысады. Tengrinews.kz редакциясы әкімдіктен басқарушы компаниямен келісімшартты бұзу себептерін білді.
Қараусыз қалған "Жас Отау"1971 жылы ашылған Неке сарайы жергілікті маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып саналады. Өзара айқасқан екі сақина бейнесіндегі ғимарат ондаған жылдар бойы алматылықтар үшін отбасылық өмірдің басты символы болып келді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алайда кейінгі жылдары сарай бос тұр, ал оның сыртқы келбеті қала тұрғындарының үлкен алаңдаушылығын туғызған. Бұған дейін биыл ақпанда біз осы нысанға барып, ескерткіштің жай-күйін көрсеткен болатынбыз.
Айта кетерлігі, сол кезде ғимарат қасбетінде күрделі жөндеуге дайындық жүріп жатқаны және сарайдың 2026 жылдың төртінші тоқсанында ашылатыны туралы хабарландыру ілініп тұрған еді.
2026 жылғы ақпан / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда Қазіргі жағдай қандай?Тengrinews.kz тілшілері уәде етілген жұмыстардың басталған-басталмағанын тексеру үшін ғимаратқа тағы да барды. Алайда өткен айлар ішінде жағдай айтарлықтай өзгере қоймаған.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмҒимарат әлі де қараусыз қалғандай көрінеді: терезелері сынған, плиткалары үгітіліп түскен, ал қасбетінде граффити суреттері көбейген.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
12 мамыр 13:53 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмҒимарат айналасына әлі күнге дейін қоршау қойылмаған, ал нысанда құрылысшылар мүлдем көрінбейді.
Шаң басқан терезелер арқылы біз ақпан айынан бері қозғаусыз жатқан құрылыс материалдары салынған қаптарды тағы да байқадық.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмҒимараттың ішіне кіре алмадық: барлық есіктері жабық, сондықтан оның жай-күйін толықтай бағалау мүмкін болмады.
Әкімдік не дейді?Құрылыс барысы туралы білу үшін біз Алматы әкімдігіне жүгіндік. Мемлекеттік активтер басқармасы міндеттемелерді орындамағаны үшін сенімгерлік басқарушымен келісімшарт бұзылып жатқанын хабарлады.
"Неке сарайы 2024 жылғы 6 наурыздағы сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес "Jar Jar Almaty" ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сонымен қатар серіктестіктің сенімгерлікпен басқару шартында көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамауына байланысты, қазіргі уақытта басқарма аталған шартты бұзу процедураларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство ресми сауалға берген жауабында.
Басқарманың қосымша мәліметінше, 2024 жылы нысанды тапсыру кезінде әкімдік міндетті талаптар қойған. Басқарушы компания ескерткіштің сәулеттік келбетін сақтап, реконструкцияға кемінде бір миллиард теңге салуы тиіс болған.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмАлайда алматылықтар нақты жұмыстарды көре алмады. Сыртқы белгілеріне қарап, нысанды жаңғыртуға қандай да бір қаражат жұмсалды деп айту қиын: ғимарат бос тұр, пайдаланылмайды және іс жүзінде "күту режимінде", бұл оның жұмысы тоқтап тұрғанын білдіреді.
Реконструкцияны 2026 жылдың төртінші тоқсанына дейін аяқтау мүмкін бе, жоқ па, әзірге белгісіз. Сонымен қатар ғимарат қасбетінде баяғы хабарландыру әлі де ілулі тұр.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Бұған дейін не болдыАйта кету керек, бұл биліктің ғимаратқа лайықты ие табуға жасаған алғашқы талпынысы емес. 2023 жылға дейін сарай басқа компанияның сенімгерлік басқаруында болған еді, бірақ дәл осындай себеппен – міндеттемелердің орындалмауына байланысты келісімшарт сот арқылы бұзылды.
2023 жылдың қазанында нысан қала теңгеріміне қайтарылып, содан кейін 2024 жылы "Jar Jar Almaty" ЖШС-не берілді.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмСол кезде компания өкілдері ғимарат өзінің әлеуметтік маңызын сақтап, толық циклді Салтанат сарайы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтқан болатын.
Енді келісімшарт бұзылғаннан кейін әкімдікке жаңа басқарушы іздеуге тура келеді.
Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу