Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алматыдағы аты аңызға айналған Неке қию сарайын реконструкциялауды тағы бір компания сәтсіз аяқтады

Алматыдағы аты аңызға айналған Неке қию сарайын реконструкциялауды тағы бір компания сәтсіз аяқтады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыдағы аңызға айналған "Жас Отау" неке сарайының иесі тағы да ауысады. Tengrinews.kz редакциясы әкімдіктен басқарушы компаниямен келісімшартты бұзу себептерін білді.

Алматыдағы аңызға айналған "Жас Отау" неке сарайының иесі тағы да ауысады. Tengrinews.kz редакциясы әкімдіктен басқарушы компаниямен келісімшартты бұзу себептерін білді.

Қараусыз қалған "Жас Отау"

1971 жылы ашылған Неке сарайы жергілікті маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып саналады. Өзара айқасқан екі сақина бейнесіндегі ғимарат ондаған жылдар бойы алматылықтар үшін отбасылық өмірдің басты символы болып келді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

АЛМАТЫ НЕКЕ САРАЙЫНЫҢ (@dvorets.almaty) жарияланымы

Алайда кейінгі жылдары сарай бос тұр, ал оның сыртқы келбеті қала тұрғындарының үлкен алаңдаушылығын туғызған. Бұған дейін биыл ақпанда біз осы нысанға барып, ескерткіштің жай-күйін көрсеткен болатынбыз.

Айта кетерлігі, сол кезде ғимарат қасбетінде күрделі жөндеуге дайындық жүріп жатқаны және сарайдың 2026 жылдың төртінші тоқсанында ашылатыны туралы хабарландыру ілініп тұрған еді.

2026 жылғы ақпан / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда Қазіргі жағдай қандай?

Тengrinews.kz тілшілері уәде етілген жұмыстардың басталған-басталмағанын тексеру үшін ғимаратқа тағы да барды. Алайда өткен айлар ішінде жағдай айтарлықтай өзгере қоймаған.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Ғимарат әлі де қараусыз қалғандай көрінеді: терезелері сынған, плиткалары үгітіліп түскен, ал қасбетінде граффити суреттері көбейген.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен “хайп“ жасады деген айыптауларға қатысты соттасты

12 мамыр 13:53 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Ғимарат айналасына әлі күнге дейін қоршау қойылмаған, ал нысанда құрылысшылар мүлдем көрінбейді.

Шаң басқан терезелер арқылы біз ақпан айынан бері қозғаусыз жатқан құрылыс материалдары салынған қаптарды тағы да байқадық.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Ғимараттың ішіне кіре алмадық: барлық есіктері жабық, сондықтан оның жай-күйін толықтай бағалау мүмкін болмады.

Әкімдік не дейді?

Құрылыс барысы туралы білу үшін біз Алматы әкімдігіне жүгіндік. Мемлекеттік активтер басқармасы міндеттемелерді орындамағаны үшін сенімгерлік басқарушымен келісімшарт бұзылып жатқанын хабарлады.

"Неке сарайы 2024 жылғы 6 наурыздағы сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес "Jar Jar Almaty" ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сонымен қатар серіктестіктің сенімгерлікпен басқару шартында көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамауына байланысты, қазіргі уақытта басқарма аталған шартты бұзу процедураларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство ресми сауалға берген жауабында.

Басқарманың қосымша мәліметінше, 2024 жылы нысанды тапсыру кезінде әкімдік міндетті талаптар қойған. Басқарушы компания ескерткіштің сәулеттік келбетін сақтап, реконструкцияға кемінде бір миллиард теңге салуы тиіс болған.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Алайда алматылықтар нақты жұмыстарды көре алмады. Сыртқы белгілеріне қарап, нысанды жаңғыртуға қандай да бір қаражат жұмсалды деп айту қиын: ғимарат бос тұр, пайдаланылмайды және іс жүзінде "күту режимінде", бұл оның жұмысы тоқтап тұрғанын білдіреді.

Реконструкцияны 2026 жылдың төртінші тоқсанына дейін аяқтау мүмкін бе, жоқ па, әзірге белгісіз. Сонымен қатар ғимарат қасбетінде баяғы хабарландыру әлі де ілулі тұр.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм Бұған дейін не болды

Айта кету керек, бұл биліктің ғимаратқа лайықты ие табуға жасаған алғашқы талпынысы емес. 2023 жылға дейін сарай басқа компанияның сенімгерлік басқаруында болған еді, бірақ дәл осындай себеппен – міндеттемелердің орындалмауына байланысты келісімшарт сот арқылы бұзылды.

2023 жылдың қазанында нысан қала теңгеріміне қайтарылып, содан кейін 2024 жылы "Jar Jar Almaty" ЖШС-не берілді.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Сол кезде компания өкілдері ғимарат өзінің әлеуметтік маңызын сақтап, толық циклді Салтанат сарайы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтқан болатын.

Енді келісімшарт бұзылғаннан кейін әкімдікке жаңа басқарушы іздеуге тура келеді.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары