Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға HAWK зениттік-зымыран кешенінің жұмыс қабілетін қолдауға арналған жабдықты 108,1 миллион долларға сату мүмкіндігін мақұлдады.
Сондай-ақ Мемдепартамент сайтындағы хабарламада Украина үкіметінің төмендегілерді сұратқаны айтылған:
діңгекті тіркемелерді сатып алу;
ірі модификациялар;
техникалық қызмет көрсетуге қолдау көрсету;
қосалқы бөлшектер;
шығын материалдары мен аксессуарлар;
жөндеу жұмыстарына көмек;
АҚШ үкіметінің инженерлік, техникалық және логистикалық қызметтерінің қолдауы.
Сондай-ақ FrankenSAM HAWK зымыран жүйелеріне арналған логистикалық және бағдарламалық қолдаудың өзге де элементтері қамтылған.
"Бұл Украинаға қазіргі және болашақ қауіптерге қарсы тұруға, сондай-ақ өзін-өзі қорғауға және өңірлік қауіпсіздік миссияларын орындауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, Украина бұл тауарлар мен қызметтерді өз Қарулы күштерінің құрамына еш қиындықсыз қабылдай алады. Бұл жабдықты сату өңірдегі негізгі әскери тепе-теңдікті өзгертпейді.