Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаны қолдауға үлкен көлемде ресурстарды бөлуді жалғастыруда, деп мәлімдеді мемлекеттік хатшының қару-жарақ бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Томас Динанно.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Әкімшілік (АҚШ – ред.) Украинаны қолдауға байланысты ресурстардың ауқымды көлемін жұмсап жатыр", - деді Динанно Өкілдер палатасының сыртқы істер комитетіндегі тыңдауда.
Шенеунік Ақ үй Еуропа елдерінің Киев үшін америкалық қару-жарақ сатып алуын қамтитын PURL (басымдықтағы Украина талаптарының тізімі) бағдарламасын белсенді түрде қолдауды жалғастырып жатқанын атап өтті.