Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Қаржылық мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бухгалтер кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Ол ісіне азаматтарды тарту үшін Instagram арқылы өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жөніндегі маман ретінде таныстырып, жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен.
Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкер тіркелген.
«Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындап, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған мәлімет жинақтаған», делінген ҚМА хабарламасында.
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.
Кейбір кәсіпкерлер төлемдерді алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кері қайтаруды рәсімдеген.
Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Тергеу барысында айыпталушының қылмыстық жолмен иемденген қаражатқа сатып алынған үш бөлмелі пәтерін қолдануға тыйым салынды.
Абай облысында мектеп директоры «Даму бала» арқылы қаржы жымқырған
Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр
Оқиға • Кеше
Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді
Қоғам • Кеше
FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді
Ата заң • Кеше
Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді
Жануарлар • Кеше
Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды
Оқиға • Кеше
15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды
Футбол • Кеше
2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді
Оқиға • Кеше
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды
Оқиға • Кеше
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Көрме • Кеше
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қоғам • Кеше
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
Елорда • Кеше
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
Оқиға • Кеше