24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Танымдық шара «Тас ескерткіштері - түркі әлемінің ортақ мұрасы» атты симпозиум аясында ұйымдастырылды.
Оған түркітілдес халықтардың темір дәуірінен бастап орта ғасырлық кезеңде тұрмыста қолданған кілемдері қойылды.
Жүзге жуық тарихи жәдігерді Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде тамашалауға болады.
Түркі әлемі кілем тоқу өнерін ерте заманнан қолданған. Әр елде атауы өзгеше болғанымен тоқылу технологиясы бірдей.
Қазақ пен қырғыздың, түркімен және әзербайжан халқының қолмен өрнек тоқуы ұқсас келеді.
Көрмеге тақыр, түкті, алаша, текемет кілемдер қойылған. Симпозиумға қатысушылар түрікмен, әндіжан, қарабақ секілді түркі стилінде тоқылған т
Талғат Исламұлы, тілші: - Музей қорына сыйға берілген құнды жәдігердің бірі - осы текемет. Ұзындығы 7, ені 3 метр.