24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ақтауда археологтардың жұмысын жеңілдететін инновациялық жоба таныстырылды.
Сырт пішіні өрмекші тәріздес робот жер аумағын сканерлеп, пайдалы қазбаның бар-жоғын көрсетеді. Қазір шаһарда ел чемпионаты өтіп жатыр.
Дәстүрлі сайыс робототехниканы «болашақтың мамандығы» деп қабылдайтын дарынды жеткіншектердің басын қосты.
Ел чемпионаты өтіп жатқан ғимарат іші жерасты кен орнын игеретін алаң тәрізді.
Биылғы сайысқа қатысушылар «Археология және жер қойнауындағы қазба байлықтар» тақырыбында жобаларын ұсынды.
Цифрлық сканермен жабдықталған бұл робот жер қойнауындағы қазба байлық, көне жәдігерлерді іздеуге арналған.
Ақылды құрылғы қашықтан басқарылады. Ескендір Тәңкиев, чемпионатқа қатысушы: - Қазба жұмыстарынан кейін жердің астындағы температура мүлдем