Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақтөбе қаласының іргесіндегі «Автомобилист» бау-бақша ұжымындағы жердің статусы 2025 жылы тұрғын үй құрылысына деп өзгертілді. Мұнда тұратын адамдар енді электр желісін жекеден алып, әкімдікке өткізуді жоспарлап отыр.
Фото: Алтынай Сағындықова/KazinformФото: Алтынай Сағындықова/Kazinform— Бау-бақша ұжымы болған соң газ құбырының желісі де, электр желісі де жекенің қолында. Жеке болған соң тариф әдеттегіден қымбат әрі үй саны көбейген сайын жүктеме артып отыр. Кейде тұтынушы көбейіп жатқанын, ажырататынын айтады. Ал бөлек желігі қосылу ұсынысын айтқанда әкімдік қаржы қарастырылып жатқанын жеткізді. Бір қиыны қысы-жазы кешкілік техникаларды көтермей, жарық жиі сөніп қалады. Сол кезде электрик маманға қосымша қаржы жинаймыз. Техникаларымыз да жиі істен шығады, — деді «Автомоболист» бау-бақша ұжымының тұрғыны Тұрар Отаров.
Тұрғындар 2019 жылы өз қызметін ұсынған жеке кәсіпкерге 100 000 теңгеден жинап берді. Трансформатор қондыруға қайта қаржы сұрады. Бірақ тұрғындар оған сенбеді. Уақыт өте келе жұмысты қайта жалғастыруды ойлаған тұрғындар бағаналардың жарамсыз екенін білді. Жұмысты қайта бастау керек.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform— Жарық жиі сөнеді. Кейде 5-8 сағат болмай қалады. Қыста өте қиын. Бір жанып, бір сөніп тұрған соң техникамыз да жиі бұзылып, іске аспай қалады, — деді Сәкен Сағын.
Ал Гүлсара Төрешованың айтуынша, жыл сайын бағалардағы жарық ұлғайып, қауіп төндіріп тұр.
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Автомобилист» бау-бақша ұжымындағы тұрғындарымен арада бірнеше кездесу өтті. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жергілікті халықпен бірге трансформаторды балансқа алу мәселесін талқылады.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform— Электр желісі жекенің меншігінде. Бау-бақша ұжымының төрағасы оны қаланың меншігіне өткізуден үзілді-кесілді бас тартты. Тұрғындар мен төраға арасындағы даулы мәселелер заң аясында шешілуі тиіс. Оны мамандар тұрғындарға түсіндірді. Осыған қарамастан мамандар аумақты сапалы электр желісімен қамту жолдарын зерделеді. Нәтижесінде құрылыс бөлімі «Ақтөбе қаласы Ақжар-2 тұрғын алабы Взрывпром, Автомобилист АТП ПГО (екінші кезек)» деп аталатын жоба жасатып жатыр. Жобалаушы жұмысын аяқтап, жақын арада мемлекеттік сараптамадан өткізуге тапсырады. Оң нәтижесін алғаннан кейін жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттен қаражат сұралады. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан кейін осы аумақтағы елді мекендер сапалы электр қуатынмен қамтылады, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Электр желісі иесіз қалған және желіні әкімдікке тапсыруға ниет білдірген бау-бақша ұжымдарының өтініші қарастырылады. Былтыр 35 ұжымды электрмен қамтып отырған трансформаторды өз әкімдік балансына алып, кейін жұмысты электр жеткізуші компанияға тапсырды.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform— Бау-бақша ұжымдары төрағаларының көпшілігі жеке меншігіндегі нысандарды қалаға өткізуден бас тартады. Ал иесіздерін тұрғындар өздері арызданып, тапсыруы тиіс. Оған уақыт керек. Нысанды иесіз деп ресми тану үшін сотқа береді. Бір жылдың ішінде иесі анықталмаған жағдайда ғана сот қаланың балансына өткізуге шешім шығарады, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, елімізде 2027 жылға қарай электр энергиясына ішкі қажеттілік толық жабылады.