Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Ақтөбеде бау бақша ұжымдарындағы электр желісін әкімдікке өткізу жұмысы ұзаққа созылып кетті

Ақтөбеде бау бақша ұжымдарындағы электр желісін әкімдікке өткізу жұмысы ұзаққа созылып кетті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе қаласының іргесіндегі «Автомобилист» бау-бақша ұжымындағы жердің статусы 2025 жылы тұрғын үй құрылысына деп өзгертілді. Мұнда тұратын адамдар енді электр желісін жекеден алып, әкімдікке өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Бау-бақша ұжымы болған соң газ құбырының желісі де, электр желісі де жекенің қолында. Жеке болған соң тариф әдеттегіден қымбат әрі үй саны көбейген сайын жүктеме артып отыр. Кейде тұтынушы көбейіп жатқанын, ажырататынын айтады. Ал бөлек желігі қосылу ұсынысын айтқанда әкімдік қаржы қарастырылып жатқанын жеткізді. Бір қиыны қысы-жазы кешкілік техникаларды көтермей, жарық жиі сөніп қалады. Сол кезде электрик маманға қосымша қаржы жинаймыз. Техникаларымыз да жиі істен шығады, — деді «Автомоболист» бау-бақша ұжымының тұрғыны Тұрар Отаров.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Тұрғындар 2019 жылы өз қызметін ұсынған жеке кәсіпкерге 100 000 теңгеден жинап берді. Трансформатор қондыруға қайта қаржы сұрады. Бірақ тұрғындар оған сенбеді. Уақыт өте келе жұмысты қайта жалғастыруды ойлаған тұрғындар бағаналардың жарамсыз екенін білді. Жұмысты қайта бастау керек.

— Жарық жиі сөнеді. Кейде 5-8 сағат болмай қалады. Қыста өте қиын. Бір жанып, бір сөніп тұрған соң техникамыз да жиі бұзылып, іске аспай қалады, — деді Сәкен Сағын.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ал Гүлсара Төрешованың айтуынша, жыл сайын бағалардағы жарық ұлғайып, қауіп төндіріп тұр.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Автомобилист» бау-бақша ұжымындағы тұрғындарымен арада бірнеше кездесу өтті. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жергілікті халықпен бірге трансформаторды балансқа алу мәселесін талқылады.

— Электр желісі жекенің меншігінде. Бау-бақша ұжымының төрағасы оны қаланың меншігіне өткізуден үзілді-кесілді бас тартты. Тұрғындар мен төраға арасындағы даулы мәселелер заң аясында шешілуі тиіс. Оны мамандар тұрғындарға түсіндірді. Осыған қарамастан мамандар аумақты сапалы электр желісімен қамту жолдарын зерделеді. Нәтижесінде құрылыс бөлімі «Ақтөбе қаласы Ақжар-2 тұрғын алабы Взрывпром, Автомобилист АТП ПГО (екінші кезек)» деп аталатын жоба жасатып жатыр. Жобалаушы жұмысын аяқтап, жақын арада мемлекеттік сараптамадан өткізуге тапсырады. Оң нәтижесін алғаннан кейін жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттен қаражат сұралады. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан кейін осы аумақтағы елді мекендер сапалы электр қуатынмен қамтылады, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Электр желісі иесіз қалған және желіні әкімдікке тапсыруға ниет білдірген бау-бақша ұжымдарының өтініші қарастырылады. Былтыр 35 ұжымды электрмен қамтып отырған трансформаторды өз әкімдік балансына алып, кейін жұмысты электр жеткізуші компанияға тапсырды.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Бау-бақша ұжымдары төрағаларының көпшілігі жеке меншігіндегі нысандарды қалаға өткізуден бас тартады. Ал иесіздерін тұрғындар өздері арызданып, тапсыруы тиіс. Оған уақыт керек. Нысанды иесіз деп ресми тану үшін сотқа береді. Бір жылдың ішінде иесі анықталмаған жағдайда ғана сот қаланың балансына өткізуге шешім шығарады, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елімізде 2027 жылға қарай электр энергиясына ішкі қажеттілік толық жабылады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары