Ақтөбеде сібір жарасы көмінділеріне тексеру жүргізілді

18.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ветеритария, эпидемилогия қызметі жыл сайын сібір жарасы көмінділерінің орнын тексеріп, топырақтан сынама алады. Былтыр мыңға жуық сынама тексерілді.

– Облыс бойынша 56 типтік мал қорымы бар. Биыл мал қорымы мен сібір жарасы көмінділерін ветеритариялық-санитарлық талапқа сәйкес күтіп ұстауға 18,8 млн теңге жұмсалады. Қазіргі кезде қаржы бөлінді, - деді Ақтөбе облытық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай.

Сібір жарасы көміндісінің орны жыл сайын тексеріледі. Оның бүлінген жері жөнделеді, тазалығын қамтамасыз етеді.

– Санитарлық аумағы – 1 000 метр. Осы арақашықтық сақталуы тиіс және өңірде бұл талап сақталған. Егер қандай да бір құрылыс жоспарланса, алдын ала рұқсат сұрайды, - деді Айбек Сембай.

Бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылының тұрғындары сібір жарасының аумағында құрылыс жоспарланғанын айтып, дабыл қақты. Дегенмен облыс әкімдігі қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью