Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Біз шетелге демалуға кеттік деп, самолеттің билетін ұшатын кезімен бір аптадан кейін қонатын уақытына дейін салған ғой. Ал ұрылар бір апта бойына біздің үйімізді от души тонаған. Олар біздің үйде ненің қай жерде тұрғанын онсыз да жақсы біледі ғой. Бәрін әйелім күнде салып отыр ғой. Ол аз дегендей, «біз бір жерге кеткен кезде үйге біреу-міреулерлер кеп жатса, кілт мына кілемшенің астында тұрады», – деп те салған ғой. Обшым не керек үйді тонап кетті. Содан көршілер болып жиналып, үйге ақылды домофон қондырдық. Әлгі домофон бәрін таниды, бәрін біледі. Үйге бір де бір ұрыны кіргізбейді. Сенбесеңіздер қазір көресіздер, өздеріңіз.
– Саламатсызба, үйге кірейін деп едім.
– Мен сізді танымадым.
– А?
– Сізді тануым үшін пәтеріңіздің нөмірін айтыңыз. Мен 99-пәтерденмін, мені жаттап алыңызшы айналайын домофон.
– Мен сізді танымадым. Сізді тануым үшін пәтеріңіздің номерін айтыңыз.
– Қарындас, ой қарындас деппін-ау, домофон. Домофон қарындас, сіз немене мені үйге кіргізбейін дедіңіз бе?
– Мен сізді танымадым.
Өй неге танымайсыз, 99-пәтерде тұрамын ғой. Пәтердің нөмірін ұстап суретке түсіп едік қой.
– Сізді суреттен тану үшін фото сөзін қайталаңыз.
– А?
– Фото сөзін қайталаңыз.
– Фото, әкеңнің...
– Кешіріңіз, әкеңіздің фотосы табылмады.
– Ой, әкемнің фотосы сіз түгілі өзімде де жоқ. Просто есікті аш айналайын, үйіме кірейін.
– Пәтеріңіздің нөмірін қайталаңыз.
– Әй, 99.
– Кешіріңіз! Ай 99 деген пәтер жоқ.
– Ай 99 емес, жәй 99. Просто 99. Менің пәтерім де 99. Өзім де 99 қатыным вообще 98.
– Кешіріңіз, 98-ші пәтерде сіз тұрмайсыз.
– Ойбай білем ғой мен ол үйде тұрмаймын. Мен 99-да тұрам.
– Пәтеріңіздің нөмірін нақты қайталаңыз.
– Айтып тұрмын ғой, домофон қарындас. Домофон қатын. Тоқсаааан.
– Кешіріңіз, сіз 90-шы пәтерде тұрмайсыз.
– Өй, айтып болған жоқпын әлі. Тоқсан тоғыз, тоғыыыз...
– Кешіріңіз 9-шы пәтерде сіз тұрмайсыз.
– Ойбай-ай, ойбай! Аша ғой айналайын. Домофон қарындас, домофон қыз, домофон қатын. Қатын десе, қатын екенсің барып тұрған.
– Кешіріңіз, сіз бұл үйде тұрмайсыз.
– Неге тұрмаймын, таңертең осы үйден шықтым ғой айналайын-ау! Ойпырмай, ішіп келгенде қатыныма бұлай жалынбаған шығармын. Аш, айналайын, өтінем аша ғой. Домофон тәте. Домофон апа. Домофон мама. Ашшы пожалуйста...
– Сіздің суретіңізді салыстырамыз. Созылған қол арақашықтығында экран алдына тұрыңыз.
– Ойпырмай, алдыңғы аптада ғана түсірдің ғой суретке. Жарайды тұрайын енді. Тек үйіме кіргізші айналайын. Түсір, түсір.Түсірмеген нелерің қалды? Қазақтың қадір-қасиетін түсірдіңдер. Абыройын түсірдіңдер, айлығын түсірдіңдер. Нелерің қалды түсірмеген?
– Құттықтаймын! Фото түсірілді. Ақылды домофон функциясын пайдалану үшін смартфоныңызға «Ақылды үй» қолданбасын қондырыңыз.
– Нені қондыр дейді? Айналайын, сен мені үйіме қондыршы әуелі...
– Сау болыңыз!
– Тоқта, сау болғаны несі? Ау, үйіме кірмеймін бе?
– Үйіңізге кіру үшін пәтер номерін нақты қайталаңыз.
– Нөмерді айтқаннан пайда болмай тұр ғой... Фотомен кіргізші ең болмаса...
– Созылған қол арақашықтығында камера алдына тұрыңыз.
– Құдай-ай, ешкімге бас имеген қазақ едік, не болды, не болды мынау, домофон қатынның айтқанын істедік-ау. Ал түсір, түсір.
– Кешіріңіз, сіздің фотоңыз сіздің келбетіңізге сай келмейді.
– Неге келмейд, мен не басқа біреудің суретін бетіме салып келіп тұрмын ба? Әлде пластикалық операция жасатып келдім бе? Таңертең шықтым ғой осы үйден, өз қатынымның қойнынан.
– Кешіріңіз, сіздің фотоңыз келбетіңізге сай келмейді.
– Еее, алдыңғы аптада менің мұртым болған.
– Кешіріңіз, мұртыңыз өскен кезде келіңіз.
– Өй, менің мұртым бір айда әрең өседі ғой... Менің мұртым бар ма, жоқ па туған әйелім байқамайды. Ал сен қатын, албасты домофон, байқап қалады екенсің де... Біздің қатынға мұрт түгілі қасыңды қырып тастасаң да бәрібір.
– Түсінбедім, қайталаңыз?
– Біздің қатын менің мұртым түгілі өзіне мұрт өсіп кеткенін байқамайды.
– Ендеше әйеліңізге мұрт өскен кезде хабарласыңыз.
– Өй, шешімің сол ма? Қатын десе қатын екенсің, бетіңе айта-йын, білдің бе? Мен далаға қо-нам, білдің бе?.. Онсыз да қазақ-тардың бәрі үйсіз ғой. Мен де үйсіз қазақ секілді далаға қонам білдің бе?
– Пәтер нөмірін білмесеңіз, аты-жөніңізді домофонға енгі-зіңіз. Ал енгізейін. Тәтебаев Құ-ралбек Нұрлыбекұлы.
– Тәтебаев Құралбек Нұрлыбекұлы.
– Сіз дәл қазір үйіңізге кіре алмайсыз.
– Неге, кіре алмаймын? Аяғым жоқ па, қолым жоқ па, неге кіре алмаймын? Мүгедекпін бе? Неге кіре алмаймын?
– Сіздің осы айда төленбеген ипотекалық несиеңіздің қарызы бар. Сол себептен үйіңізге кіре алмайсыз.
– Ақылды домофон функциясын пайдаланғыңыз келсе, смартфоныңызға осы қолданбаны қондырыңыз. Мен досымның үйіне кеттім. Сол үйге қонам.
Бауыржан ОРДА