24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты.. Арал тағдыры жапон ғалымдарының назарында.
Ташкентте Киото университеті ғылыми орталығының бастамасымен су үнемдеу және құрғаған теңіз табанына ағаш егу тақырыбы бойынша жиын өтті.
Табиғат жанашырлары Аралдың Қазақстан аумағындағы солтүстік бөлігінің толығып жатқанан тілге тиек етті.
Нәтижесінде теңіздің экожүйесі жақсарып келеді. Аумағы 6 млн гектарды алып жатқан Арал теңізінің 90 пайызында қазір су жоқ.
Аймаққа тіршілік нәрін молынан бағыттауға ресурс жетпейді. Тиісінше, құм мен тұз көкке көтеріліп, экологияға зиянын тигізіп жатыр.
Осыдан бірер жыл бұрын қолға алынған Қазақстан мен Өзбекстанның теңіз табанына ағаш егу жобасы өз жемісін беріп жатыр.
Ғалымдар, бастама, аймақ экологиясына оң өзгеріс әкелгенін айтады.
Зиновий Новицкий, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы: - Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында ағаш питомнигі жұмыс істеп тұр.