Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ата-анасының айтуынша, ойын алаңынан үйіне қайтып келе жатқан қызға бейтаныс, мас күйдегі ер адам тиісіп, қорқытып, дүкенге бірге баруға мәжбүрлеген. Дүкен маңында күдікті қызды сүймек болып, өзіне қарай тартқан. Осы сәтте қыз қарсылық көрсетіп, қашып құтылған.
Оқиғадан кейін ата-анасы бейнебақылау жазбаларын алып, полицияға арыз берген. Қазір қыздың психологиялық күйі ауырлап, жалғыз сыртқа шығудан қорқып қалған.
Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеп, күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.