Арақ алғызып, зорлағысы келген : Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен күдікті іздестіріліп жатыр
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ата-анасының айтуынша, ойын алаңынан үйіне қайтып келе жатқан қызға бейтаныс, мас күйдегі ер адам тиісіп, қорқытып, дүкенге бірге баруға мәжбүрлеген. Дүкен маңында күдікті қызды сүймек болып, өзіне қарай тартқан. Осы сәтте қыз қарсылық көрсетіп, қашып құтылған.
Оқиғадан кейін ата-анасы бейнебақылау жазбаларын алып, полицияға арыз берген. Қазір қыздың психологиялық күйі ауырлап, жалғыз сыртқа шығудан қорқып қалған.
Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеп, күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 14:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















