Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сурет: elordainfo.kz
Үгіт жұмысына партия басшылығы, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, белсенділер мен партия мүшелері қатысты. Сондай-ақ еліміздің 20 өңіріндегі өкілдері де онлайн форматта қосылды. Осылайша, аймақтарда да өз жұмысын бір мезгілде бастады.
– Бізге жаңа партия құру да, жүйені өзгерту де мүмкін емес дегендер көп болды. Бірақ біз оның керісінше екенін дәлелдедік. Үш жарым жыл ішінде 3 мыңға жуық түзету ұсынып, соның жартысынан астамын заңға енгіздік. Вейптерге толық тыйым салу, банк заңнамасындағы өзгерістер, креативті индустрияны қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау – осының бәрі біздің нақты жұмысымыздың нәтижесі, – деді А.Қожаназаров.
Сондай-ақ Айдарбек Қожаназаров бастаған делегация, Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен партия белсенділері Қарағанды облысындағы «Баймырза Агро 2018» және «Нур СХ» ЖШС-ларының кәсіпорындарына барды. Делегация өндіріс жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, аграрлық сектордағы өзекті мәселелер талқыланды. «Respublica» өкілдері мұндай кездесулердің сай-лауалды науқан барысында еліміздің барлық өңірінде жалғасатынын атап өтті.
Айта кетсек, «Respublica» партиясының Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізіміне еліміздің барлық өңірінен 75 кандидат енгізілді. Олардың
70%-ға жуығы – кәсіпкерлер. Партия барлық 20 өңірдің өкілдерін ұсынып, кең өңірлік қамтуды және команданы жаңартуды басты басымдықтардың бірі ретінде айқындады.