Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, коммерциялық нысандар, ғимараттар мен өндірістік базалар. Тақырға отырған "Астана Банкінің" тарату комиссиясы Астана мен Алматыдағы ондаған жылжымайтын мүлік нысанын сатылымға шығарды. Ең қызықты лоттар - ТengriНome шолуында.
Поделиться
Үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, коммерциялық нысандар, ғимараттар мен өндірістік базалар. Тақырға отырған "Астана Банкінің" тарату комиссиясы Астана мен Алматыдағы ондаған жылжымайтын мүлік нысанын сатылымға шығарды. Ең қызықты лоттар - ТengriНome шолуында.
Бүгін, 2026 жылғы 24 маусымда, sauda.e-qazyna.kz сайтында банкротқа ұшыраған Астана Банкінің жылжымайтын мүлкін сату басталады. Ең көп нысан Астанада сатылымға қойылған - 22 лот, ал Алматыда небәрі бесеу. Бұл ретте ең жоғары бағалар елордада тіркелген, бірақ сатушы құнның төмендейтінін айтып отыр. Алматыда жағдай мүлдем керісінше.
Елордадағы Астана Банкіне тиесілі жылжымайтын мүліктер сатылымыАстана Банкінің тарату комиссиясы бағаны көтеру әдісімен өтетін аукционға ауданы 1 583,4 шаршы метр болатын өндірістік базаны 391,8 миллион теңгеге шығарды. Әлеуетті сатып алушы 0,7340 га жер телімін де қоса алады. Нысан Байқоңыр ауданы, Сарысу көшесінде орналасқан.
"Әкімшілік ғимараттың жағдайы қанағаттанарлық, жөндеуді қажет етеді. Металл қоршаумен қоршалған, трассаның бойында орналасқан. Жарық пен су - қалалық орталық желіден, жылу мен кәріз жүйесі - автономды. Салынған жылы - 2010", - делінген лоттың сипаттамасында.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Ғабдуллин көшесіндегі ауданы 308,3 шаршы метр нысан 413,6 миллион теңгеге сатылып жатыр. Сатушы аукцион барысында бағаны түсіруге уәде беріп отыр.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Республика даңғылындағы ауданы 541 шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратты 166 миллион теңгеге сатпақшы. Аукцион бағаны төмендету әдісімен өтеді.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Пушкин көшесіндегі үйден ауданы 93,7 шаршы метр болатын бес бөлмелі пәтер 389 миллион теңгеге сатылып жатыр. Сипаттамада онда бұрынғы иесі тұрып жатқаны, сондықтан жаңа қожайынға шығару мәселесін өзі шешуге тура келетіні айтылған.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Үркер тұрғын алабындағы ауданы 169,3 шаршы метр болатын, 0,1 гектар жер учаскесі бар мынадай үй үшін 347,7 миллион теңге сұралып отыр.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
"Үйдің жағдайы нашар, қабырғалары шпалдан салынған, шатыры металл, терезелері ағаштан. Күрделі жөндеу қажет", - деп сатушы жағдайды ашық көрсеткен.
Нұра ауданындағы ауданы 167,1865 гектар болатын жер учаскесі 34,9 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды. Әлеуетті сатып алушы тек кепілдік жарна ретінде 1,7 миллиард теңге құюы керек.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
"Учаске тегіс, бөлінеді, қоршалмаған, нысаналы мақсаты - ауыл шаруашылығы өндірісі", - делінген лоттың сипаттамасында.
Астана Банкі ұсынған лоттардың ішінде мыналар да бар:
Иманов көшесіндегі үйде орналасқан ауданы 48 шаршы метр тұрғын емес нысан - 11,8 миллион теңге (бағаның өсуімен өтетін аукцион); Пушкин көшесіндегі үйден ауданы 79,3 шаршы метр нысан 106,2 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Күйші Дина көшесіндегі ауданы 98,9 шаршы метр нысан 145,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Иманов көшесіндегі ауданы 105,9 шаршы метр нысан 88,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Бейсекбаев көшесіндегі ауданы 67,9 шаршы метр нысан 97,2 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Уәлиханов көшесіндегі ауданы 50,6 шаршы метр нысан 85,3 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Пушкин көшесіндегі ауданы 88,9 шаршы метр нысан 229,6 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Гете көшесіндегі ауданы 58 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерді 97,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісімен); Аспара көшесіндегі ауданы 58,7 шаршы метр нысан 97,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Аспара көшесіндегі үйден ауданы 80,8 шаршы метр нысан 149,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Конституция көшесіндегі үйден ауданы 101,7 шаршы метр нысан 210,9 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Иманов көшесіндегі ауданы 186,2 шаршы метр нысан 229,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Күлтөбе тұйық көшесіндегі ауданы 105,7 шаршы метр нысан 139,6 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Тамшалы көшесіндегі ауданы 79,3 шаршы метр нысан 78,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Мүсірепов көшесіндегі ауданы 123,4 шаршы метр нысан 219,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Есенберлин көшесіндегі ауданы 63,6 шаршы метр нысан 73,9 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі). Алматыдағы Астана Банкіне тиесілі жылжымайтын мүліктер сатылымы"Алатау" бау-бақша серіктестігінде ауданы 558,6 шаршы метр, 0,1228 га жер телімі бар жекежай сатылып жатыр. Бастапқы бағасы - 108,2 миллион теңге. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтеді.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
"Жертөлесі бар екі қабатты тұрғын үй. Үйдің жағдайы қанағаттанарлық, айналасы толықтай металл қоршаумен қоршалған. Газ, электр жарығы, суық су - қалалық орталық желілерге қосылған. Жылу жүйесі мен кәріз - автономды. Учаскедегі қосымша құрылыстар: сарай, монша, бассейн, бастырма. Салынған жылы - 1985 жыл", - делінген лот сипаттамасында.
Қожамқұлов көшесінде орналасқан, ауданы 61 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер үшін тарату комиссиясы небәрі 36,4 миллион теңге сұрап отыр. Алайда аукцион бағаны көтеру әдісімен өтетінін ескертеді.
Фото: sauda.e-qazyna.kz
"Тұрғын ауданы - 45,2 шаршы метр, ас үйі - 5,9 шаршы метр. Бес қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан. Пәтердің жағдайы жақсы, бұрышта емес, балконы бар, жуынатын бөлмесі біріктірілген, кіреберіс есігі темір, едені - ламинат, ішкі есіктері - ағаштан. Бұрынғы иесі тұрып жатыр, шығару қажет", - деп нақтылады хабарландыру авторы.
Сондай-ақ лоттар арасында мыналар бар:
Таугүл ықшамауданындағы ауданы 82,4 шаршы метр нысан 48,6 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы); Қалқаман-2 ықшамауданындағы ауданы 80,8 шаршы метр нысан 59,6 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы); Өтеген батыр көшесіндегі ауданы 35,3 шаршы метр нысан 20,3 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы).2018 жылдың қыркүйегінде Ұлттық банк Астана Банкін банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. Сол жылы қарашада Алматы соты банкті мәжбүрлі түрде таратты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу