Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, коммерциялық нысандар, ғимараттар мен өндірістік базалар. Тақырға отырған "Астана Банкінің" тарату комиссиясы Астана мен Алматыдағы ондаған жылжымайтын мүлік нысанын сатылымға шығарды. Ең қызықты лоттар - ТengriНome шолуында.

Поделиться

Бүгін, 2026 жылғы 24 маусымда, sauda.e-qazyna.kz сайтында банкротқа ұшыраған Астана Банкінің жылжымайтын мүлкін сату басталады. Ең көп нысан Астанада сатылымға қойылған - 22 лот, ал Алматыда небәрі бесеу. Бұл ретте ең жоғары бағалар елордада тіркелген, бірақ сатушы құнның төмендейтінін айтып отыр. Алматыда жағдай мүлдем керісінше.

Елордадағы Астана Банкіне тиесілі жылжымайтын мүліктер сатылымы

Астана Банкінің тарату комиссиясы бағаны көтеру әдісімен өтетін аукционға ауданы 1 583,4 шаршы метр болатын өндірістік базаны 391,8 миллион теңгеге шығарды. Әлеуетті сатып алушы 0,7340 га жер телімін де қоса алады. Нысан Байқоңыр ауданы, Сарысу көшесінде орналасқан.

"Әкімшілік ғимараттың жағдайы қанағаттанарлық, жөндеуді қажет етеді. Металл қоршаумен қоршалған, трассаның бойында орналасқан. Жарық пен су - қалалық орталық желіден, жылу мен кәріз жүйесі - автономды. Салынған жылы - 2010", - делінген лоттың сипаттамасында.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Ғабдуллин көшесіндегі ауданы 308,3 шаршы метр нысан 413,6 миллион теңгеге сатылып жатыр. Сатушы аукцион барысында бағаны түсіруге уәде беріп отыр.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Республика даңғылындағы ауданы 541 шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратты 166 миллион теңгеге сатпақшы. Аукцион бағаны төмендету әдісімен өтеді.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Пушкин көшесіндегі үйден ауданы 93,7 шаршы метр болатын бес бөлмелі пәтер 389 миллион теңгеге сатылып жатыр. Сипаттамада онда бұрынғы иесі тұрып жатқаны, сондықтан жаңа қожайынға шығару мәселесін өзі шешуге тура келетіні айтылған.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Үркер тұрғын алабындағы ауданы 169,3 шаршы метр болатын, 0,1 гектар жер учаскесі бар мынадай үй үшін 347,7 миллион теңге сұралып отыр.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

"Үйдің жағдайы нашар, қабырғалары шпалдан салынған, шатыры металл, терезелері ағаштан. Күрделі жөндеу қажет", - деп сатушы жағдайды ашық көрсеткен.

Нұра ауданындағы ауданы 167,1865 гектар болатын жер учаскесі 34,9 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды. Әлеуетті сатып алушы тек кепілдік жарна ретінде 1,7 миллиард теңге құюы керек. 

Фото: sauda.e-qazyna.kz

"Учаске тегіс, бөлінеді, қоршалмаған, нысаналы мақсаты - ауыл шаруашылығы өндірісі", - делінген лоттың сипаттамасында.

Астана Банкі ұсынған лоттардың ішінде мыналар да бар:

Иманов көшесіндегі үйде орналасқан ауданы 48 шаршы метр тұрғын емес нысан - 11,8 миллион теңге (бағаның өсуімен өтетін аукцион); Пушкин көшесіндегі үйден ауданы 79,3 шаршы метр нысан 106,2 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Күйші Дина көшесіндегі ауданы 98,9 шаршы метр нысан 145,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Иманов көшесіндегі ауданы 105,9 шаршы метр нысан 88,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Бейсекбаев көшесіндегі ауданы 67,9 шаршы метр нысан 97,2 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Уәлиханов көшесіндегі ауданы 50,6 шаршы метр нысан 85,3 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Пушкин көшесіндегі ауданы 88,9 шаршы метр нысан 229,6 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Гете көшесіндегі ауданы 58 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерді 97,8 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісімен); Аспара көшесіндегі ауданы 58,7 шаршы метр нысан 97,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Аспара көшесіндегі үйден ауданы 80,8 шаршы метр нысан 149,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Конституция көшесіндегі үйден ауданы 101,7 шаршы метр нысан 210,9 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Иманов көшесіндегі ауданы 186,2 шаршы метр нысан 229,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Күлтөбе тұйық көшесіндегі ауданы 105,7 шаршы метр нысан 139,6 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Тамшалы көшесіндегі ауданы 79,3 шаршы метр нысан 78,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Мүсірепов көшесіндегі ауданы 123,4 шаршы метр нысан 219,5 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі); Есенберлин көшесіндегі ауданы 63,6 шаршы метр нысан 73,9 миллион теңгеге (бағаны төмендету әдісі). Алматыдағы Астана Банкіне тиесілі жылжымайтын мүліктер сатылымы

"Алатау" бау-бақша серіктестігінде ауданы 558,6 шаршы метр, 0,1228 га жер телімі бар жекежай сатылып жатыр. Бастапқы бағасы - 108,2 миллион теңге. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтеді. 

Фото: sauda.e-qazyna.kz

"Жертөлесі бар екі қабатты тұрғын үй. Үйдің жағдайы қанағаттанарлық, айналасы толықтай металл қоршаумен қоршалған. Газ, электр жарығы, суық су - қалалық орталық желілерге қосылған. Жылу жүйесі мен кәріз - автономды. Учаскедегі қосымша құрылыстар: сарай, монша, бассейн, бастырма. Салынған жылы - 1985 жыл", - делінген лот сипаттамасында.

Қожамқұлов көшесінде орналасқан, ауданы 61 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер үшін тарату комиссиясы небәрі 36,4 миллион теңге сұрап отыр. Алайда аукцион бағаны көтеру әдісімен өтетінін ескертеді.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

"Тұрғын ауданы - 45,2 шаршы метр, ас үйі - 5,9 шаршы метр. Бес қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан. Пәтердің жағдайы жақсы, бұрышта емес, балконы бар, жуынатын бөлмесі біріктірілген, кіреберіс есігі темір, едені - ламинат, ішкі есіктері - ағаштан. Бұрынғы иесі тұрып жатыр, шығару қажет", - деп нақтылады хабарландыру авторы.

Сондай-ақ лоттар арасында мыналар бар:

Таугүл ықшамауданындағы ауданы 82,4 шаршы метр нысан 48,6 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы); Қалқаман-2 ықшамауданындағы ауданы 80,8 шаршы метр нысан 59,6 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы); Өтеген батыр көшесіндегі ауданы 35,3 шаршы метр нысан 20,3 миллион теңгеге (бағаны көтеру аукционы).

2018 жылдың қыркүйегінде Ұлттық банк Астана Банкін банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. Сол жылы қарашада Алматы соты банкті мәжбүрлі түрде таратты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

банк лицензия Банкроттық Сауда Аукцион

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 12:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары