Astana Media Week: медиа өкілдері бас қосқан алаң

15.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Іскерлік бағдарлама «MEDIA. HUMAN. AI: трансформацияның 10 жылы. Сенімнің жаңа архитектурасы» атты пленарлық оты­рыспен ашылды. Іс-шараға Мәдениет жә­не ақпарат бірінші вице-министрі Қа­нат Ысқақов, Euronews телеарнасының Әзер­байжандағы бюро басшысы әрі өңір­лік коммуникациялар жетекшісі Надира Тюдор, Smart Advanced Technologies & Innovation Inc. компаниясының бас дирек­торы Нежат Унсал, Meta компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өнім­дер­ге қатысты мемлекеттік саясат жөнін­де­гі директоры Филип Чуа, ЮНИСЕФ-тің Қа­зақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Эльвира Яушева және Q.AI компания­сы­ның бас директоры Дмитрий Мун қатысты.

Отырыста соңғы он жылдағы медиа са­ласындағы өзгерістер, жасанды интел­лек­тінің редакция жұмысына ықпалы, ақпараттың шынайылығы мен цифрлық дәуірде аудитория сенімін сақтау мәселе­лері қарастырылды.

Медиа апталық аясында «AI, IT & MEDIA: Жауапкершілік шегі» атты тех­но­ло­гиялық пікірталас, «Жасөспірімдердің жа­сына сай келетін цифрлық ортаны қа­лып­тастыру: бұл қалай болуға тиіс?» та­қы­ры­­бындағы шеберлік сабағы және «Central Asia in English: Аударма бізді неге жаһандық етпейді?» халықаралық редакциялық зерт­ханасы өтті. Сонымен қатар «Ояну: ақпа­рат­ты қабылдау, саралаудың тың тәсілі жә­не сыни интеллект» және «Жасанды ин­теллект көмегімен көптілді хабар тара­ту» тақырыптарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Бағдарламада Қазақстан мен Орталық Азияны халықаралық ақпарат кеңістігінде таныту мәселесіне де ерекше мән берілді. Jibek Joly / Silk Way, The Astana Times, Qalam Global, Euronews, AnewZ және басқа да БАҚ өкілдері ағылшын тіліндегі жур­на­листиканы дамыту, шетелдік аудиторияға ар­нал­ған контент әзірлеу және халықара­лық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын тал­қылады.

Алдағы күндері мемлекеттік ақпарат­тық саясат, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланыс, өңірлік редакция­лар­ды қолдау, отандық контент пен жар­на­ма нарығын дамыту мәселелері сөз бо­лады. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қол­дану, ақпараттың шынайылығын тек­серу және цифрлық медиаплатформаларды дамыту бойынша тәжірибелік сабақтар өтеді.

Мерейтойлық медиа апталық 16 қа­зан­да Qazaqstan Media Awards марапаттау рә­сімімен аяқталады. Салтанатты жиында «Тұ­мар» және «Үркер» ұлттық сыйлық­та­ры­ның лауреаттары марапатталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью