Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Астанада Құрылтай сайлауына бірінші болып келгендерге сыйлық таратылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Таңғы сағат 7:00-де ашылған сайлау учаскелеріне егде жастағы адамдар көп келді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз таңдауын жасауға асықты. Оларды комиссия мүшелері қарсы алып, естелік сыйлықтарды табыстады.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
Астанада бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
© Photo : Астана қаласының әкімдігі
Өз учаскесіне бірінші болып келген сайлаушыларға тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе заттары және тағы басқа қажетті заттар сыйға берілді.
Астанада барлығы 517 сайлау учаскесі ашылды. Құрылтай сайлауына байланысты Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.
Айта кетері, астаналықтар өздерінің сайлау учаскесін sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.
Сонымен қатар Атыраудағы №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
© Photo : Атырау облысының әкімдігіАтырауда бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
Атырауда бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
© Photo : Атырау облысының әкімдігі
"Әр сайлауға алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Бұл мен үшін маңызды. Өйткені бүгінгі таңдауым – балаларымның, өзімнің және елімнің болашағы үшін маңызды", – дейді Айша Шакманова.
Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама.