Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты.. АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik.
"Астана" ақы алу пунктінде жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, қоршауға соғылдыОқиға бүгін, 20 қаңтар таңғы сағат 09:00 шамасында болған."Астана – Щучинск" автожолы бойындағы "Астана" ақы алу пунктінде жол апаты тіркелді."Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған", - деп жазылған хабарламада."ҚазАвтоЖол" осы орайда жолға шығатын азаматтарды қарапайым, бірақ аса маңызды мына талаптарды қаперде ұстауға шақырды:шаршаған күйде рөлге отырмау;жол үстінде әр 2–3 сағат сайын тоқтап демалу;жылдамдықты шамадан тыс асырмай;қауіпсіз арақашықтықты сақтау.Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі, дейді компанияда.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.