Астанада 300 жаңа автобус жолға шығады

29.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биыл Астанадағы автобус паркі жаңаланбақ. 300 жаңа қоғамдық көлік сатып алынады.

Қазір 120-ға жуығы қалаға жеткізілді. Қалғаны да 4 ай көлемінде елорда көшелерінде жүреді. Автобустар саны толыққаннан кейін жаңа бағыттар ашылып, аялдамада күту уақыты қысқарады. Бұл туралы қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы айтты. Асхат Қарағойшиннің мәлімдеуінше, келер жылы тағы 300 автобус алу жоспарланған. Осылайша, қоғамдық көлік паркін 2 мың жаңа автобусқа дейін көбейту көзделген. Бұған қоса LRT жобасы сынақтан өтіп жатыр. Алда бұл жобаны Қосшы қаласына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ жол және жол айрықтарын салу, көпірлерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Асхат Қарағойшин, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:

- Көктемде жібереміз деген мақсат қойып отырмыз. Оның бағасын әкім айтып кетті. Шамамен 200 теңге болады. Өздеріңіз көріп отырғандай, қазір жаңа пойыздар жүріп жатыр. Наурыз айынан бастап сынақ мерзімін ұйымдастырамыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью