Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды

28.08.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Астанада құрылыс алаңында кран құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқыс оқиғадан кран жүргізушісі қаза болған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиғаны растады. Ер адам алған жарақатынан қаза болды", - дейді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінде.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді қалалық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью