Астанада жеңілдетілген кредит алмақ болған ондаған адам жер сипап қалды

21.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Астанада ер адам жеңілдетілген кредит рәсімдеуге көмектесемін деп 16 адамды алдап соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асқан.

"Жеңілдетілген кредит алуға уәде берген алаяққа азаматтар бір ай бойы ақша аударған", - деп жазылған хабарламада.

Ол өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігін еске салды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью