Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Астанада Сарыарқа ауданындағы Жаяу Мұса көшесіндегі жер үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру барысында құтқарушылар газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді,- деп жазылған ресми хабарламада