Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астанадағы Республика даңғылының үш бірдей қиылысында жолды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, үш қиылыста да орташа жөндеу жүргізіледі.
Олар:
Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі;
Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;
Республика даңғылы мен Абай даңғылы.
"Осыған байланысты 19-21 сәуір аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда әкімдік көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.