Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жаңа бағытты ашу ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі және Ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың көптеген өтініші ескеріле отырып жүзеге асырылды.
Аталған бағытты іске қосу Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз және тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар № 122/121 «Нұрлы жол — Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайтын болады. Ақтоғай станциясында аталған вагондарды № 631/632 «Ақтоғай — Талдықорған» пойызына қайта тіркеу көзделген, бұл бүкіл маршрут бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.
Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтеді. Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады, бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жаңа теміржол қатынасының ашылуы:
• өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға;
• тұрғындардың мобильділігін арттыруға;
• ішкі туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға;
• Жетісу облысының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Пойыздың қатынауы биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған және Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуына орайластырылады.
Жаңартылған вокзал инфрақұрылымы жолаушылар үшін қызмет көрсету, жайлылық және қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Көлік министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен көлік саласының стратегиялық басымдықтарына сәйкес жолаушылар тасымалының маршруттық желісін дамыту, жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыады.
Бұған дейін Үкімет Қазақстанның көлік саласындағы 2025 жылғы нәтижелерді жария еткенін жазғанбыз.