Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Астанадан Талдықорғанға жаңа пойыз қатынайды

Астанадан Талдықорғанға жаңа пойыз қатынайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа бағытты ашу ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі және Ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың көптеген өтініші ескеріле отырып жүзеге асырылды.

Аталған бағытты іске қосу Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз және тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар № 122/121 «Нұрлы жол — Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайтын болады. Ақтоғай станциясында аталған вагондарды № 631/632 «Ақтоғай — Талдықорған» пойызына қайта тіркеу көзделген, бұл бүкіл маршрут бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтеді. Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады, бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа теміржол қатынасының ашылуы:

• өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға;

• тұрғындардың мобильділігін арттыруға;

• ішкі туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға;

• Жетісу облысының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Пойыздың қатынауы биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған және Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуына орайластырылады.

Жаңартылған вокзал инфрақұрылымы жолаушылар үшін қызмет көрсету, жайлылық және қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Көлік министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен көлік саласының стратегиялық басымдықтарына сәйкес жолаушылар тасымалының маршруттық желісін дамыту, жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыады.

Бұған дейін Үкімет Қазақстанның көлік саласындағы 2025 жылғы нәтижелерді жария еткенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары