Атырау Астрахань бағытындағы жол учаскесінде құрылыс жұмыстары қарқын алды

10.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Атырау–Астрахань» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 616–621 шақырым аралығы Атырау облысы әкімдігінің қарамағына беріліп, оны I техникалық санатқа сәйкестендіру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда ұзындығы 4,76 шақырым болатын айналма жолдың құрылысы толық аяқталған. Сонымен қатар:

2,2 шақырым учаскеде жолдың негізгі қабаты төселді; Оның 0,8 шақырымына қиыршық тас пен құмды қоспа жайылды; Газ, су және «Қазақтелеком» инженерлік желілері жаңа бағытқа толықтай көшірілді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Қазахдорстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта:

Теміржол өткелінің кірме жолдарына топырақ төселуде; Жаңа теміржол өтпесіне арналған 500 тірек орнатылып, бекітілді.

Жолдың сипаттамасы:

Жалпы ені — 15 метр; Қозғалыс бөлігі — төрт жолақты, әрқайсысы 3,5–4 метр; Бөлу жолағы — 4 метр; Көпір ұзындығы — 89,4 метр; Құрылыс мерзімі — екі жыл.

Жоспар бойынша, жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін 70% көлемінде аяқталуы тиіс.

Бүгін, 14:22

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью