Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
"АЖ" коллажы
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз. «Атырау» футбол клубы жақын уақытта меншік түрін өзгертіп, жеке қолдарға өтуі мүмкін.
Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Оның дерегінше, Батыс Қазақстандағы ірі логистикалық «Ақ-руно» компаниясының иесі Әлімбек Мұқанов клубты сатып алу үшін құжаттарды рәсімдеу процесін бастап кеткен.
«Осылайша, жақын арада “мұнайшылар” Қазақстан Премьер-лигасындағы алтыншы жекешелендірілген клубқа айналады», — деп жазды журналист.
Егер мәміле аяқталса, «Атырау» ФК қазірдің өзінде жеке меншікке өткен «Жеңіс», «Елімай», «Ақтөбе», «Қызылжар» және «Қайсар» клубтарының қатарына қосылады.
Бүгін, 17:08