Атырауда 21 мың жаңа жұмыс орны ашылады

30.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырауда биыл «Өңірлік жұмыспен қамту» картасы шеңберінде 21 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Оның 11 мың 700-і тұрақты жұмыс орындары болмақ. 

Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниет еткен азаматтарға қайтарымсыз грант беру қарастылған. Былтыр жергілікті «Мансап» орталықтарына 66 мыңнан астам азамат хабарласқан болатын. Оның 39 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Сондай-ақ мұнай-газ компаниялары арқылы жұмыссыздарды қайта оқыту курстарында 4,5 мыңдай адам мамандық алды. Былтыр мекеме-кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына 50-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылып, 1800-дей адама жұмысқа орналасқан еді. Бұл шаралар биыл да жалғасады. Сала мамандары «мақсатымыз – әлеуметтік қолдау алатын тұлғалардың қатарын азайтып, тұрғындарды еңбекке тарту», - дейді.

Еркебұлан Әбілқасымов, Облыстық жұмыспен қамту және ӘБ басқармасы басшысының орынбасары:

-  2026-шы жылға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 41 мың адамды қамтитын боламыз. Оның ішінде көп балалы, аз қамтылған, АСП алатын және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші аналарға 330 адамға өзін-өзі қамту үшін гранттар беріледі. Сонымен қоса 6 мыңға жуық адамды субсидиялы жұмыс орындарына жіберетін боламыз. Онан бөлек кәсптік бағдарламасымен 15 мың адамды қамтимыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью