Атырауда 300 дей жас сарбаз алаңға шығып, ерлікке тағзым етті

05.05.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауқымды шара қаладағы Жеңіс саябағында ұйымдастырылды.  Жиынға “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан 300-ге жуық оқушы қатысты. Алаңға 5546 әскери бөлімінің оркестр сүйемелдеуімен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының туы әкелініп, 15 оқушы салтанатты түрде ант қабылдады.

Сонымен қатар әскери қойылым көрсетіліп, көркемөнерпаздар би биледі.

“Сармат” мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Елеуовтың айтуынша, іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи ерлікке құрмет көрсету.
Салтанатты іс-шараға білім беру басқармасының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, Ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

Бүгін, 17:47

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью