Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
10 мыңнан астам тұрғын мен 3 300 заңды тұлғаның жаппай жарықсыз қалу оқиғасынан кейін Атырауда бүгін, 20 сәуірде ресми тергеп-тексеру басталды.
Тексеруді «Атырау Жарық» ЖШС мекемесі мен энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері бірге жүргізеді.
Еске салсақ, апат 30 наурыз күні жауған жаңбырдың салдарынан орын алған. «Атырау Жарық» ЖШС директоры Мейірбек Ғұбашевтың жауабына сүйенсек, бұған себеп бірнеше күн бұрын пайда болған. Электр тарату желілерінің оқшаулағыштарына жауған шаң-топырақ аралас жаңбырдың салдарынан шаң-тозаң жиналып, тоқ өткізгішке айналып, тоқ соғу қаупін тудырып, апатты өшулерге алып келген.
Бұған дейін жабдықтар тазаланбаған.
Компанияның дерегіне сәйкес, электр қуаты 3–6 сағат ішінде қайта қосылған.
Жыл басынан бері Атырау облысында 496 апаттық өшіру тіркелген. Жарық «Атырау Жарық» ЖШС электр қондырғыларында, жергілікті атқарушы орган электр қондырғыларында, сондай-ақ жекеменшік электр қондырғыларда өшірілген. Өткен жылдың осы кезеңінде 452 рет өшірілген..
Мейірбек Ғұбашев мұны биыл қолайсыз табиғаттың қолайсыз құбылыстары жиі кездескенімен байланыстырады. Ал компания желілерінің тозу деңгейі 67,3 пайыз болып отыр.
Облыс аумағында 5634 дана жоғары кернеулi трансформаторлық қосалқы станциясы, тарату пунктi, трансформаторлық қосалқы станциясы орналасқан. Олардың
1671-і «Атырау Жарық» ЖШС теңгерімінде; 831-і жергілікті атқарушы орган теңгерімінде; 3132-сі жекеменшік (тұтынушылар) теңгерімінде.
Ғұбашевтың айтуынша, кейбір апаттар жеке меншік электр қондырғыларына тиісті техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты болады. Мұндай жағдайда компания арнайы нұсқама береді және ақпаратты қадағалау органдарына жолдайды. Сонымен бірге компания өз жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
Электр желілерін күтіп ұстауға қаржы әртүрлі қаржы көздерінен бөлінеді. Жыл сайын әкімдік өз теңгеріміндегі желілерді күтіп ұстауға 350 миллион теңге бөледі. Биыл осы жұмыстарға тендер жақын арада жарияланбақ.
Компанияда энергонысандарды күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 111 млн теңге бөлген. Бұл сома, компания нақтылағандай, биыл толық игерілген. Биыл бұл сомаға 717 шақырым электр желісі, 6 қосалқы станция мен 60 трансформатор жаңартылды. Жұмыстар 2029 жылға дейін бекітілген жоспарға сай жыл сайын белгілі бір қаражат аясында жүзеге асырылады.
2024-2025 жылғы инвестициялық жоба аясында былтыр мекеме қаражатынан бөлінген 2 млрд 70 млн 896 мың теңгеге қаладағы 2 қосалқы станция, 26 шақырым электр желісі ауыстырылған. Биыл 8 трансформаторлық пункт толықтай жаңартылады.
Атап айтқанда, қаладағы КС-110/10кВ №100 «Әліпов Қ.» және Жылыой ауданындағы ҚС-110/35/10кВ №145 «Қаратон-2» қосалқы станциялары мен ӘЖ-110кВ Л-108 26 шақырымға созылған әуе желілері жаңартылды. Компания мәліметінше, трансформаторлардың қуаттылығы 60%-ға өсіп, жүктеменің түсуіне және тұрғындарды сенімді әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге әсер еткен.
Тергеп-тексеру амалдары қаладағы электр желілерінде 24-25 және 30-31 наурыз күндері болған авариялық ажыратулар дерегі бойынша жүреді. Комиссия құрамына «Атырау Жарық» ЖШС мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау департаментінің қызметкерлері кірген. Сонымен қатар, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне өкілдерін қосуға ұсыныс берілген.
Комиссияның тергеп-тексеру нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтардың себептері айқындалып, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар әзірленеді.
Компанияда нақтылағандай, әңгіме қайтадан электр қондырғыларды тазалау туралы болып отыр. Олардың айтуынша, мұндай жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Алауда наурызда көтерілген шаң трансформатор мен оқшаулағыштарға жабысып, қатып, айналғанда қысқа тұйықталуға әкелген.
Осылайша, апаттың себептері анықталды. Енді «неліктен бұл салдарлардың алдын алмаған?» деген сұрақ туындап отыр.
Айнұр САПАРОВА
Бүгін, 12:55