Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Атырауда наурыздағы жарықтың жаппай өшуіне байланысты тергеу басталды

Атырауда наурыздағы жарықтың жаппай өшуіне байланысты тергеу басталды

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

10 мыңнан астам тұрғын мен 3 300 заңды тұлғаның жаппай жарықсыз қалу оқиғасынан кейін Атырауда бүгін, 20 сәуірде ресми тергеп-тексеру басталды.

Тексеруді «Атырау Жарық» ЖШС мекемесі мен энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері бірге жүргізеді. 

Еске салсақ, апат 30 наурыз күні жауған жаңбырдың салдарынан орын алған. «Атырау Жарық» ЖШС директоры  Мейірбек Ғұбашевтың жауабына сүйенсек, бұған себеп бірнеше күн бұрын пайда болған. Электр тарату желілерінің оқшаулағыштарына жауған шаң-топырақ аралас жаңбырдың салдарынан шаң-тозаң жиналып, тоқ өткізгішке айналып, тоқ соғу қаупін тудырып, апатты өшулерге алып келген.

Бұған дейін жабдықтар тазаланбаған. 

Компанияның дерегіне сәйкес, электр қуаты 3–6 сағат ішінде қайта қосылған.

Жыл басынан бері Атырау облысында 496 апаттық өшіру тіркелген. Жарық «Атырау Жарық» ЖШС электр қондырғыларында, жергілікті атқарушы орган электр қондырғыларында, сондай-ақ жекеменшік электр қондырғыларда өшірілген. Өткен жылдың осы кезеңінде 452 рет өшірілген.. 

Мейірбек Ғұбашев мұны биыл қолайсыз табиғаттың қолайсыз құбылыстары жиі кездескенімен байланыстырады. Ал компания желілерінің тозу деңгейі 67,3 пайыз болып отыр.

Облыс аумағында 5634 дана жоғары кернеулi трансформаторлық қосалқы станциясы, тарату пунктi, трансформаторлық қосалқы станциясы орналасқан. Олардың

1671-і «Атырау Жарық» ЖШС теңгерімінде; 831-і жергілікті атқарушы орган теңгерімінде; 3132-сі жекеменшік (тұтынушылар) теңгерімінде. 

Ғұбашевтың айтуынша, кейбір апаттар жеке меншік электр қондырғыларына тиісті техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты болады. Мұндай жағдайда компания арнайы нұсқама береді және ақпаратты қадағалау органдарына жолдайды. Сонымен бірге компания өз жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес жүргізілетінін атап өтті.

Электр желілерін күтіп ұстауға қаржы әртүрлі қаржы көздерінен бөлінеді. Жыл сайын әкімдік өз теңгеріміндегі желілерді күтіп ұстауға 350 миллион теңге бөледі. Биыл осы жұмыстарға тендер жақын арада жарияланбақ.

Компанияда энергонысандарды күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 111 млн теңге бөлген. Бұл сома, компания нақтылағандай, биыл толық игерілген. Биыл бұл сомаға 717 шақырым электр желісі, 6 қосалқы станция мен 60 трансформатор жаңартылды. Жұмыстар 2029 жылға дейін бекітілген жоспарға сай жыл сайын белгілі бір қаражат аясында жүзеге асырылады. 

2024-2025 жылғы инвестициялық жоба аясында былтыр мекеме қаражатынан бөлінген 2 млрд 70 млн 896 мың теңгеге қаладағы 2 қосалқы станция, 26 шақырым электр желісі ауыстырылған. Биыл 8 трансформаторлық пункт толықтай жаңартылады.

Атап айтқанда, қаладағы КС-110/10кВ №100 «Әліпов Қ.» және Жылыой ауданындағы ҚС-110/35/10кВ №145 «Қаратон-2» қосалқы станциялары мен ӘЖ-110кВ Л-108 26 шақырымға созылған әуе желілері жаңартылды. Компания мәліметінше, трансформаторлардың қуаттылығы 60%-ға өсіп, жүктеменің түсуіне және тұрғындарды сенімді әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге әсер еткен.

Тергеп-тексеру амалдары қаладағы электр желілерінде 24-25 және 30-31 наурыз күндері болған авариялық ажыратулар дерегі бойынша жүреді. Комиссия құрамына «Атырау Жарық» ЖШС мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау департаментінің қызметкерлері кірген. Сонымен қатар, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне өкілдерін қосуға ұсыныс берілген.

Комиссияның тергеп-тексеру нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтардың себептері айқындалып, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар әзірленеді.

Компанияда нақтылағандай, әңгіме қайтадан электр қондырғыларды тазалау туралы болып отыр. Олардың айтуынша, мұндай жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Алауда наурызда көтерілген шаң трансформатор мен оқшаулағыштарға жабысып, қатып, айналғанда қысқа тұйықталуға әкелген.

Осылайша, апаттың себептері анықталды. Енді «неліктен бұл салдарлардың алдын алмаған?» деген сұрақ туындап отыр.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:55

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары