Әуежай қызметінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі анықталды

29.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеп-тексеру барысында әуежайдың тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие бола отырып, авиациялық отын жеткізушілерден реттелмеген алым өндіргені анықталды. Бұл ретте жеткізушілердің көрсетілген талаптардан бас тарту немесе баламалы қызмет жеткізушісін таңдау мүмкіндігі болмаған.

Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында аталған алым мөлшерінің кезең-кезеңімен 1 тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейіннен 60 137 теңгеге дейін өзгертілгені анықталды. Бұл нарық қатысушыларының қаржылық жүктемесінің артуына және түпкілікті тұтынушылар үшін авиациялық отын құнының өсу тәуекелдеріне әкелген.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде сараланды.

Тергеп-тексеру қорытындылары бірінші сатыдағы сотпен заңды деп танылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью