Әуежай қызметінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі анықталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеп-тексеру барысында әуежайдың тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие бола отырып, авиациялық отын жеткізушілерден реттелмеген алым өндіргені анықталды. Бұл ретте жеткізушілердің көрсетілген талаптардан бас тарту немесе баламалы қызмет жеткізушісін таңдау мүмкіндігі болмаған.
Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында аталған алым мөлшерінің кезең-кезеңімен 1 тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейіннен 60 137 теңгеге дейін өзгертілгені анықталды. Бұл нарық қатысушыларының қаржылық жүктемесінің артуына және түпкілікті тұтынушылар үшін авиациялық отын құнының өсу тәуекелдеріне әкелген.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде сараланды.
Тергеп-тексеру қорытындылары бірінші сатыдағы сотпен заңды деп танылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 14:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















