Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында екі жылдың ішінде елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында ауыл экономикасын дамытуға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. 2023–2025 жылдары аталған жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2023 жылы – 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге толық игерілген. Былтыр 7,4 млрд теңге бөлініп, 3,5 млрд теңгеге 401 жоба қаржыландырылды. Қаражат 3 транш бойынша бөлініп, қалған 3,9 млрд теңге 2026 жылғы наурыздың соңына дейін аудан әкімдіктерінің нақты ұсыныстары мен скрининг нәтижесіне сәйкес толық игеріледі.
Бағдарлама шеңберінде 2023–2025 жылдар аралығында Келес ауданында 339 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде, 750 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл тұрғындары қолға алған жобалар негізінен мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға, жылыжай шаруашылығын кеңейтуге, балық пен құс өсіруді жолға қоюға бағытталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтері қажетті техникамен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың жеке кәсібін бастауына мүмкіндік жасалды. Осы кезеңде аймақта бірнеше шағын өндіріс орны да іске қосылды. 2026 жылға өңдеу саласына басымдық беріліп, кемінде төрт кооператив құру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Абай ауылында сүт өндіру кооперативін, ал Бірлесу ауылдық округінде құлпынай өсіру кооперативін құру бойынша қажетті құжаттар тиісті мекемелерге жолданған.
Ал Бірлік ауылдық округінде өндірістік парк ашу үшін арнайы жер учаскесі белгіленді. Мұнда «Бір ауыл – бір өнім» қағидаты бойынша жемшөп дайындайтын цех салу мен мал бордақылау алаңдарын бірыңғай үлгіде орналастыру көзделіп отыр. Ақтөбе ауылдық округінде балық шаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта балық өнімдерін сататын шағын сауда нүктесін ашу жоспарланған.
Аталған жобаның іске асырылу барысы талқыланған жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров нақты нәтиже мен сапаға мән беру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. «2026 жылы «Ауыл аманаты» арқылы 15,3 млрд теңге қаражат тарту жоспарлануда. Бұл – жақсы көрсеткіш, дегенмен 1 115 жаңа жоба бойынша 1 400 ғана жұмыс орнын ашуды аз деп санаймын. Қаржыны алып, жоба бастаған кәсіпкерлер тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуы қажет. Биыл бөлінген қаржы бағытталатын ауылдық округтер кооперативтер тізімі мен жоспарын бекітуді шұғыл қолға алып, 1 наурызға дейін аяқтаңыздар. Жоба бойынша бөлінген қаржы уақтылы әрі сапалы игеріліп, халықтың жағдайын жақсартуға тікелей әсер етуге тиіс», деді Н.Көшеров.
«Түркістан» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Бекжан Бисенбаевтың айтуынша, 6 бағыт бойынша 3 902 жобаға жалпы 26,3 млрд теңге несие берілген. Нәтижесінде, облыста шағын кәсіпкерлік 3 902 бірлікке артты, 25 гектар аумақта 513 жылыжай кешені салынды, мал басы 74 109-ға көбейген. Сонымен қатар 39 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылып, 4 190 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыс орындарының көбеюіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамға қысқарды. Жобалар арқылы жыл сайын шамамен 30 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп жатыр.
Бағдарлама аясында бүгінде 4,8 млрд теңге қайтарылған, оның 4,6 млрд теңгесі қайта айналымға жіберілді. Бұл қаражат есебінен 579 жаңа жоба қаржыландырылып, 600 жаңа жұмыс орны ашылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Үш жыл ішінде 103 кооперативке 2,5 млрд теңге несие берілді.
Өңірде өнім өндіруден бастап оны өңдеу және нарыққа өткізуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын табысты кооперативтер қалыптасты. Атап айтқанда, «Майтөбе сүт» кооперативі сүт жинау мен оны қайта өңдеу желісін іске қосып, өнімдерін әлеуметтік мекемелерге жеткізіп отыр. «Аят-Агро.Сом» кооперативі жеміс-көкөніс өңдеу цехын кеңейтіп, өнімдерін шетел нарығына экспорттап келеді. Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында 27 жылыжай іске қосылып, жылына 580 тонна өнім өндіреді. Жалпы, 2026–2028 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 68,7 млрд теңге тарту жоспарланып отыр.
Түркістан облысы
Соңғы жаңалықтар
Қопа мектебіне қолдау көрсетілді
Мектеп • Кеше
Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді
Ата заң • Кеше
Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды
Олимпиада • Кеше
Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Шахмат • Кеше
«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Оқиға • Кеше
Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті
Ата заң • Кеше
Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Аймақтар • Кеше
Ата заң • Кеше
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды
Оқиға • Кеше
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Оқиға • Кеше
119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Кеше
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Кеше