Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Таза қала конкурсы басталды

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек

Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында екі жылдың ішінде елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында ауыл экономикасын дамытуға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. 2023–2025 жылдары аталған жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2023 жылы – 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге толық игерілген. Былтыр 7,4 млрд теңге бөлініп, 3,5 млрд теңгеге 401 жоба қаржыландырылды. Қа­ражат 3 транш бойынша бөлініп, қалған 3,9 млрд теңге 2026 жылғы наурыздың соңына дейін аудан әкімдіктерінің нақты ұсыныстары мен скрининг нәтижесіне сәйкес толық игеріледі.

Бағдарлама шеңберінде 2023–2025 жылдар аралығында Келес ауданында 339 жоба қар­жы­ландырылып, нәтижесінде, 750 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл тұрғындары қолға алған жобалар негізінен мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға, жылыжай шаруа­шы­лығын кеңейтуге, балық пен құс өсіруді жолға қоюға бағыт­талды. Сонымен қатар ауыл шаруа­шылығы кооперативтері қажетті техникамен, құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың жеке кәсібін бастауына мүмкіндік жасалды. Осы кезеңде аймақта бірнеше шағын өндіріс орны да іске қосылды. 2026 жылға өңдеу саласына басымдық беріліп, кемінде төрт кооператив құру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Абай ­ауылында сүт өндіру кооперати­він, ал Бірлесу ауылдық округінде құлпынай өсіру кооперативін құру бойынша қажетті құжаттар тиісті мекемелерге жолданған.

 Ал Бірлік ауылдық округінде өндірістік парк ашу үшін арнайы жер учаскесі белгіленді. Мұнда «Бір ауыл – бір өнім» қа­ғидаты бойынша жемшөп да­йындайтын цех салу мен мал бор­дақылау алаңдарын бірыңғай үлгі­де орналастыру көзделіп отыр. Ақтөбе ауылдық округінде балық шаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта балық өнімдерін сататын шағын сауда нүктесін ашу жоспарланған.

Аталған жобаның іске асырылу барысы талқыланған жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров нақты нәтиже мен сапаға мән беру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. «2026 жылы «Ауыл аманаты» арқылы 15,3 млрд теңге қаражат тарту жоспарлануда. Бұл – жақсы көрсеткіш, дегенмен 1 115 жаңа жоба бойынша 1 400 ғана жұмыс орнын ашуды аз деп санаймын. Қаржыны алып, жоба бастаған кәсіпкерлер тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуы қажет. Биыл бөлінген қаржы бағытталатын ауылдық округтер кооперативтер тізімі мен жоспарын бекітуді шұғыл қолға алып, 1 наурызға де­йін аяқтаңыздар. Жоба бойынша бөлінген қаржы уақтылы әрі сапалы игеріліп, халықтың жағдайын жақсартуға тікелей әсер етуге тиіс», деді Н.Көшеров.

«Түркістан» ӘКК» АҚ бас­қарма төрағасы Бекжан Бисен­баевтың айтуынша, 6 бағыт бойынша 3 902 жобаға жалпы 26,3 млрд теңге несие берілген. Нәтижесінде, облыс­та шағын кәсіпкерлік 3 902 бір­лік­ке артты, 25 гектар аумақта ­513 жылыжай кешені салынды, ­мал басы 74 109-ға көбейген. Соны­мен қатар 39 қайта өңдеу кәсіп­орны іске қосылып, 4 190 жаңа жұ­мыс орны ашылды. Жұмыс орын­дары­ның көбеюіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамға қысқарды. Жобалар арқылы жыл сайын шамамен 30 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп жатыр.

Бағдарлама аясында бүгінде 4,8 млрд теңге қайтарылған, оның 4,6 млрд теңгесі қайта айналымға жіберілді. Бұл қаражат есебінен 579 жаңа жоба қаржыландырылып, 600 жаңа жұмыс орны ашылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Үш жыл ішінде 103 кооперативке 2,5 млрд теңге несие берілді.

Өңірде өнім өндіруден бастап оны өңдеу және нарыққа өткізуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын табысты кооперативтер қалыптасты. Атап айтқанда, «Майтөбе сүт» кооперативі сүт жинау мен оны қайта өңдеу желісін іске қосып, өнімдерін әлеуметтік мекемелерге жеткізіп отыр. «Аят-Агро.Сом» кооперативі жеміс-көкөніс өңдеу цехын кеңейтіп, өнім­дерін шетел нарығына экс­порт­тап келеді. Ордабасы ауда­ны­ның Шұбарсу ауылында 27 жы­лы­жай іске қосылып, жылына 580 тонна өнім өндіреді. Жалпы, 2026–2028 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 68,7 млрд теңге тарту жоспарланып отыр.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді

Мектеп • Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Ата заң • Кеше

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Олимпиада • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Шахмат • Кеше

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Кеше

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Кеше

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Кеше

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Кеше

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Кеше

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Кеше

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Кеше

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Кеше

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see124

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see122

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see119

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see115

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see113

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see111

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see108

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

19 Тамыз 2026 13:34see105

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары