Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіліп, жұмыс ұсынылды

Ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіліп, жұмыс ұсынылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтөбе облысының Ақжар және Бөгетсай ауылында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.

Тұрғындарды партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің мамандары, кәсіби заңгерлер, нотариустар, аудан әкімдігінің қызметкерлері қабылдады. Азаматтар көбіне жұмысқа орналасу, үйіне газ өткізу, құжаттарын рәсімдеу және баспана мәселесін көтерді.

Партиядан көмек сұрап келгендердің бірі – Ақжар ауылының тұрғыны Гүлназ Арысмағанбетова. Көпбалалы ана төрт жылдан бері тұрып жатқан үйінің құжатын рәсімдей алмай жүр.

- Жолдасым екеуміз 7 бала тәрбиелеп отырмыз. Тұрып жатқан үйіміз анамның атына рәсімделген, алайда құжаты дұрыс емес. Үйдің бұрынғы иесін тауып, құжаттарды реттегіміз келеді. Содан соң газ өткізуге мүмкіндік болар еді. Әйтпесе балалы үйге отын тасып, ошаққа от жағу оңай шаруа емес,  - деді ол.

Қоғамдық қабылдаудан кейін Ақжар ауылының әкімі Марат Жухин жедел әрекет етіп, үйдің бұрынғы иесімен хабарласты. Жақын арада үйдің құжаттарын толық рәсімдеуге, содан соң газ тартуға көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

Ауыл тұрғыны Анар Оразалықызы қоғамдық қабылдауға жұмыс мәселесі бойынша жүгінді. Ол 2012 жылы мал дәрігері мамандығын игерген. Дегенімен бұл сала бойынша жұмыс істемепті. Ол қандай жұмысқа да ықыласпен кірісуге дайын, тек ауыл ішінде қызмет атқарғанды жөн көреді. Қоғамдық қабылдауда оған бірнеше жұмыс ұсынылды.

Сексенді алқымдаған Сәуле Исмагулова соғыста хабарсыз кеткен әкесінің құжаттарын іздеп тауып, әскери бөлімге тапсыруға келіпті. Ол әкесінің ерлігі ұмытылмай, ел жадында сақталғанын қалайды.

Соғыста іс-түзсіз жоғалған әкемнің құжаттарын Подольск қаласындағы архивтен таптық. Ол кісі капитан болған, 1942 жылы мамыр айында қоршауда қалған екен. Барлық құжаттары мен фотолары келді. Қоғамдық қабылдауға заң қызметкерлері келіп жатқанын естіп, құжаттарын әскери бөлімге тапсыруға келдім. Менің білуімше, соғыс жылдары қазақтан шыққан капитандардың саны саусақпен санарлық екен. Мүмкін құжаттар тарихшыларға қажет болар, - деді ол.

«AMANAT» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Азамат Жолданбаевтың айтуынша, биыл 1700 мобильдік қоғамдық қабылдау өткізіліп, екі мыңға жуық елді-мекен қамтылған. Шара барысында 13 мыңнан астам халықтан өтініш түссе, оның жартысынан астамы оңтайлы шешілді. 

-Қоғамдық қабылдауларда азаматтардан түсетін өтініштер сан түрлі. Оның ішінде әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары салалары бойынша мәселелер жиі көтеріледі. Алдағы уақытта Ақтөбе облысы тұрғындарының да көтерген түйткілдерін зерделеп, оң шешілуіне күш саламыз. Біздің басты мақсатымыз да осы, партиялық жоба аясында халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешудің нақты әрі тиімді жолдарын қарастыру, - деді ол.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында жыл басынан бері шалғай елді-мекендерде 54 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары