Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
2026 жылдың басынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Бұл түзетулер жүк тасымалдаушылар мен ауыр жүк көліктердің иелеріне тікелей қатысты.
Атап айтқанда, жаңашылдықтар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінде жүк көліктерінің қозғалысын реттейтін нормаларды қамтиды.
Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, бұған дейін заңнамада рұқсат етілген ең жоғары массасы Қазақстанда белгіленген автокөліктің рұқсат етілген жалпы массасынан асатын самосвалдармен жүк тасымалдауға тыйым салатын шектеу болған.
«Бұл норма алғаш рет 2015 жылы енгізілді, 2019 жылы күшін жойды, кейіннен заңға 38-2-бап ретінде қайта енгізіліп, қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілген болатын.
Оның негізгі мақсаты – құрылысы мен жөндеуіне қомақты бюджет қаражаты жұмсалатын автомобиль жолдарын сақтау», – деп түсіндірді инспекция өкілдері.
Өзгерістердің мәнін түсіндіру үшін мамандар екі ұғымның – рұқсат етілген ең жоғары масса мен автокөліктің рұқсат етілген жалпы массасының арасындағы принципті айырмашылыққа назар аударды.