Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ауыр жүк көліктері жолға қайта шықты: 2026 жылдан бастап не өзгерді

Ауыр жүк көліктері жолға қайта шықты: 2026 жылдан бастап не өзгерді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2026 жылдың басынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер жүк тасымалдаушылар мен ауыр жүк көліктердің иелеріне тікелей қатысты. Атап айтқанда, жаңашылдықтар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінде жүк көліктерінің қозғалысын реттейтін нормаларды қамтиды.

Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, бұған дейін заңнамада рұқсат етілген ең жоғары массасы Қазақстанда белгіленген автокөліктің рұқсат етілген жалпы массасынан асатын самосвалдармен жүк тасымалдауға тыйым салатын шектеу болған.

«Бұл норма алғаш рет 2015 жылы енгізілді, 2019 жылы күшін жойды, кейіннен заңға 38-2-бап ретінде қайта енгізіліп, қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілген болатын. Оның негізгі мақсаты – құрылысы мен жөндеуіне қомақты бюджет қаражаты жұмсалатын автомобиль жолдарын сақтау», – деп түсіндірді инспекция өкілдері.

Өзгерістердің мәнін түсіндіру үшін мамандар екі ұғымның – рұқсат етілген ең жоғары масса мен автокөліктің рұқсат етілген жалпы массасының арасындағы принципті айырмашылыққа назар аударды.

Рұқсат етілген ең жоғары масса – зауыт-өндіруші белгілейтін техникалық көрсеткіш. Ол көліктің өз салмағын, жүргізушіні, жолаушыларды, жанармай мен жүктің салмағын қамтиды. Мысалы, үш осьті самосвалдың өз салмағы 12-13 тонна болып, конструктивті түрде 25 тонна жүк тасымалдауға есептелуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның рұқсат етілген ең жоғары массасы шамамен 37 тоннаны құрайды.

Ал рұқсат етілген жалпы масса – Қазақстан аумағында қолданылатын нормативтік көрсеткіш. Ол 2015 жылғы 26 наурыздағы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының №342 бұйрығымен бекітілген. Сол үш осьті самосвал үшін рұқсат етілген жалпы масса 25 тоннаны, кейбір жағдайларда 26 тоннаны құрайды.

«Көлік құралдарының техникалық сипаттамалары мен елде белгіленген нормативтердің арасындағы осы алшақтық бұрын самосвалдардың жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруін іс жүзінде шектеп келді», – деп атап өтті Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясынан.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жағдай өзгерді. Бұған дейін рұқсат етілген ең жоғары массаның рұқсат етілген жалпы массадан асып кетуіне байланысты самосвалдардың қозғалысына тыйым салған норма күшін жойып, жаңа редакцияда қайта енгізілді.

«Қолданыстағы өзгерістерге сәйкес, егер рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлер сақталса, самосвалдардың қозғалысына қатысты шектеулер қолданылмайды. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен самосвалдар арқылы жүк тасымалдау еркін жүзеге асырылады», – деп хабарлады ведомствода.

Сонымен қатар талаптардың сақталуын бақылау автоматтандыру есебінен едәуір күшейтілді.

Қарағанды облысының аумағында алты автоматтандырылған өлшеу станциясы (АӨС) іске қосылуда, олардың бесеуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Бұл кешендер зияткерлік көлік жүйесіне біріктірілген және толық автоматты режимде қызмет етеді.

АӨС көлік құралының түрі мен маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін, салмақтық және габариттік параметрлерін, сондай-ақ оське түсетін жүктемені тіркейді. Тұрмыста мұндай кешендерді көбіне «арка» деп атайды – олар жол үстіне орнатылған, жол жамылғысына енгізілген датчиктері бар құрылымдар.

«Автоматтандырылған станциялардың жұмыс істеу қағидаты “Сергек” жүйесіне ұқсас. Рұқсат етілген параметрлерден асып кету анықталған жағдайда, ақпарат автоматты түрде беріледі де, айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама инспектордың қатысуынсыз көлік иесіне жолданады», – деп нақтылады Көліктік бақылау инспекциясынан.

Аймақта автоматты бақылаумен қатар дәстүрлі көліктік бақылау бекеттері де жұмысын жалғастыруда. Қарағанды облысында Көліктік бақылау инспекциясының үш жылжымалы және бір стационарлық бекеті бар.

Салыстыратын болсақ, облыстың автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 8,4 мың шақырымнан асады, ал тіркелген самосвалдар саны 2487-ге жетеді.

Инспекция өкілдері формалды шектеулердің алынуы талаптардың әлсіреуін білдірмейтінін ескертті.

«Көлік иелері мен тасымалдаушылар қолданыстағы салмақтық және габариттік нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Автоматты бақылау жағдайында кез келген асып кету нақты уақыт режимінде тіркеледі», – деп түйіндеді ведомствода.

Бұған дейін елімізде ауыр жүк көліктеріне қойылған шектеу құрылыс саласына кері әсер етіп жатқаны айтылған болатын.

.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 21:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары