Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

2026 жылдан бастап Қазақстандағы фриланс нарығын не күтеді

2026 жылдан бастап Қазақстандағы фриланс нарығын не күтеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2026 жылдан бастап күшіне енетін басты жаңалықтардың бірі – бұрынғы көптеген нұсқалардың орнына үш түсінікті жүйенің қалуы. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР), жеңілдетілген декларация бойынша АСР және шаруа қожалықтарына арналған АСР.

Бұл режимдер жаңа Салық кодексінде нақты бекітілген. 2025 жылдың жазында қабылданған құжат бизнес үшін салықтық қатынастардың айқын әрі жеңіл болуына бағытталған.

Фриланс нарығы үшін басты өзгеріс ол жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінің болашағы, өйткені осы режимде шағын бизнестің елеулі бөлігі жұмыс істейді. Кодексті әзірлеу барысында жеңілдетілген режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің «тыйым салынған тізімін» айтарлықтай кеңейту мәселесі талқыланған еді. Бір кезеңде бұл тізімге 795 ЭҚЖЖ коды енгізіледі деген болжам да айтылған болатын.

Алайда түпкілікті нұсқада бұл тізім едәуір қысқартылған. Үкімет қазіргі заңнамадағыдай бар болғаны 44 тыйым салынған қызмет түрін ғана қалдыруды мақұлдады. Бұл шешім тұрақты салық төлеушілерді қолданылып жүрген режимнен айырмау мақсатында қабылданған еді. 
Quick Work бизнес пен фрилансерлерге арналған платформаның бас директоры Анастасия Ускованың пікірінше, жеңілдетілген режимнен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтетін контрагенттер саны бұрын болжағаннан әлдеқайда аз болады.

– Дегенмен, тапсырыс берушілер үшін ең маңызды мәселе арнайы салық режиміндегі жеткізушілермен жұмыс істеген кезде шығындарды шегеру болып отыр. Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режиміндегі жеткізушілерге төлемдерге байланысты шығындарды шегеруге тыйым салу енгізіледі. Бұл жағдай негізгі салық есебіндегі компаниялардың жеңілдетілген декларациядағы жеткізушілермен жұмысын тоқтатып, оларды қолданыстағы келісімшарттарын сақтау үшін негізгі салық есебіне көшуге мәжбүрлейді, – дейді сарапшы.

Ерекше назар аударуға тұрарлық жайт – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі. Сарапшының айтуынша, бұл Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отырған салықтық құрал, ол жұмысшылары жоқ және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп, салықты жеңілдетілген тәртіппен төлеуге мүмкіндік береді.

Салықтық жүктеме 4 пайызға дейін төмендетілді, бұл өз кезегінде жеке орындаушылар мен ашық әрі заңды серіктестік орнатуға мүдделі компаниялар үшін заңды экономикаға кіруді барынша қолжетімді етеді.

Табыс бойынша ең жоғары шек айына 1,3 миллион теңге. Бұл жаңа режимді тек ұсақ қосымша табыс көзі үшін ғана емес, көптеген қатардағы қызметкерлер тобы үшін де тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

– Жаңа режимнің басты ерекшелігі – тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы есеп айырысуда салықтық агенттің рөлін цифрлық платформа атқарады. Платформа сыйақы төлеу кезінде салықты автоматты түрде ұстап қалады, осылайша орындаушыны есептілік немесе декларация тапсыру міндетінен босатады. Бұл режимді тек қызметі бекітілген тізімге енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ғана пайдалана алады. Олардың қатарына такси қызметі, курьерлік жеткізу, жүк тасымалы, байланыс жабдықтарын жөндеу, тұрғын үйді жалға беру және құрылыс жұмыстары кіреді. Практикалық тұрғыдан алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа АСР компанияларға орындаушылармен қарым-қатынасты заңдастыруға және артық бюрократиясыз тез тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал ұсынады. Сонымен қатар нарық қызметкерлерді салықтық үнем мақсатында жалдамалы жұмысшылардан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына ауыстыру әрекеттері қайта саралауға, қосымша салықтар мен айыппұлдарға әкелуі мүмкін екенін түсінеді. Ал бұрын тапсырыс берушімен еңбек қатынасы болмаған жаңа орындаушылармен рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша заңды түрде жұмыс істеу қауіпсіз әрі ыңғайлы болып қала береді – әсіресе жұмыс айналымы жоғары немесе уақытша жобаларда. Жаңа режим бойынша жұмыс істейтін цифрлық платформалар барлық есеп айырысуды өз мойнына алады, бұл өз кезегінде тапсырыс берушінің бухгалтериясына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады, – деп түйіндеді сарапшы.

Салықтық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев те Анастасия Усковамен пікірлес. Оның айтуынша, кәсіпкерлер арасында белгілі бір алаңдаушылық тудыруы мүмкін мәселе – жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін контрагенттермен жұмыс істеген кезде шығыстарды шегерімге жатқызу мүмкіндігі болып отыр.

– Негізінен, қызмет түрлеріне қойылған шектеулер алынып тасталады. Жеңілдетілген режимде тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі бекітіледі – мұндай қызметпен айналысатын компаниялар жеңілдетілген режимді пайдалана алмайды. Алғашында 800 қызмет түрін тыйым салу жоспарланған еді, бірақ тек 44 түрі ғана тыйым салынатын болды. Бұл норма Салық кодексінде емес, бөлек үкімет қаулысында қарастырылған. Бізді, жеңілдетілген режимдегі салық төлеушілерді, алаңдататыны – жалпыға бірдей салық режимінің жеңілдетілген режимнің шығыстарын шегерімге алу мүмкіндігі болатын. Бұл мәселе әлі өзгерген жоқ, – дейді Казанцев.

Сарапшы өзгерістерге тап болатын баршаға жаңалықтарды қазірден бастап белсенді түрде зерделеуді ұсынады.

– Айта кетейін, жеңілдетілген режимде жұмыс істеген кезде сіз табысты есептеу әдісін қолданасыз. Бұл дегеніміз, кіріс ақша түскен сәт емес, қызмет көрсеткен немесе тауар жеткізген және құжаттарын рәсімдеген уақыт есепке алынады. Жаңа жеңілдетілген режимге өту 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылуы тиіс, тіпті қазіргі жеңілдетілген режимде жұмыс істеп жүргендерге де. Егер бұл талап орындалмаса, сіз автоматты түрде жалпыға бірдей салық режиміне ауыстырыласыз, – деді Казанцев.

Бизнестің жақсы жаңалықтарының бірі – салық және әділет органдарынан тексерусіз және камеральдық бақылаусыз жеңілдетілген тәртіппен есептен шығару акциясының жоспарлануы.

Егер негізгі қарыз сомасы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін толық өтелсе, салық бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар өшіріледі.

Кәсіби бизнес қауымдастығы сараптамалық пікірталастар барысында 2026 жылға арналған келесі тиімді тактиканы меңгеріп жатыр:

Біріншіден, қолданыстағы жеткізушілердің жедел іріктеуін жүргізу маңызды: егер контрагент жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істесе, тапсырыс беруші негізгі салық есебінде болса, бұл салық режимінің 2026 жылдан бастап тиімді болмайтынын алдын ала хабарлау қажет, сол арқылы жеткізушіге бейімделу мүмкіндігі мен уақыты беріледі, қажет болса негізгі есепке ауысып, өзіне де, тапсырыс берушіге де шығынсыз болуына жағдай жасау.

Екіншіден, рұқсат етілген және салықтық тәуекелдер тудырмайтын жағдайларда жеке кәсіпкер емес тұлғалармен жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл салық режимін жеткізушілермен қатынастарды заңдастыру құралы ретінде және төмендетілген салық жүктемесі режимін қолдану үшін тиімді құрал ретінде бағалау маңызды.

Эмоцияларды ысырып тастасаңыз, болып жатқан жағдайдың мәні айқын. Мемлекет өздігінен жұмыспен қамтылғандардың жұмысын жеңілдетеді, шағын бизнестің жұмыс құралдары ретінде жеңілдетілген салық режимін сақтап қалады және тұрақты компаниялардың жалпыға бірдей салық режиміне өтуін ынталандырады.

Бизнес үшін бұл өзгерістерден қорқу себеп емес, керісінше, процестерді «2026 жылғы үлгіге» сәйкес келтіру мүмкіндігі болып табылады, яғни дұрыс жасалған келісімшарттар, айқын есеп айырысу, дәл және реттелген бастапқы құжаттар және салық органдарының түсініктемелерін тұрақты бақылау.

Осы жағдайда жаңа Салық кодексі белгісіздік емес, шығындар мен салықтық тәуекелдерді басқарудың алдын ала болжамды құралына айналады.

Қазақстанда 2 миллионнан астам кәсіпкердің 1,7 миллионы жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейді. Жаңа салық кодексін әзірлеу кезінде осы режимді жою туралы бірнеше ұсыныс болды, бірақ кейін Қаржы министрлігі жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін қолдау үшін 44 қызмет түрін ғана тыйым салынған тізімге қосты. Бұған дейін осы мәселе туралы жазғанымызды еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 03:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see116

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

15 Наурыз 2026 20:25see115

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see115

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see115

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see114

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see114

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see113

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see111

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see111

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see111

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see110

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

15 Наурыз 2026 14:14see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see109

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

15 Наурыз 2026 11:20see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары