Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстандағы шағын бизнес: 2026 жылдан бастап салық салу тәртібінде не өзгереді

Қазақстандағы шағын бизнес: 2026 жылдан бастап салық салу тәртібінде не өзгереді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

– Жаңартылған Салық кодексі шеңберінде шағын және орта бизнеске қандай қолдау шаралары енгізілді? Олардың ішінде ең маңыздысы әрі қызықтысы қайсы?

– Үкімет микро және шағын бизнестің жаңа Салық кодексіне еш қиындықсыз ауысуына көмектесетін қосымша шаралар енгізіп жатыр. Біріншіден, 1 қаңтардан бастап 2022, 2023, 2024 және 2025 жылдарға қатысты салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Екіншіден, камералдық бақылау да болмайды. Бұл – салықтық әкімшілендірудің бір түрі. Мұнда мемлекеттік органдар мен банктерден алынған мәліметтер салыстырылады. Осындай бақылау 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қолданылмайды. Алайда бұл өзгеріс кейбір жағдайларда әсер етпейді. Олар:

· резидент емес тұлғалардың табысына қатысты;
· құқық қорғау органдарының өтініші бойынша, егер қылмыстық іс қозғалған немесе тергеу амалдары жүріп жатса;
· салық төлеушінің өзі тексеруді сұраса, мысалы, компанияны жабу кезінде немесе ҚҚС-ты қайтаруға өтініш бергенде.

– Қолдау үшін тағы қандай шаралар бар?

– Енді негізгі қарызды төлеген кезде өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі. Егер кәсіпкердің қарызы жиналып қалса да, негізгі соманы төлесе, есептелген барлық өсімпұлдар автоматты түрде жойылады. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап мәмілелерді немесе тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыздар жолдай алмаймыз. Бұл процестер ұзаққа созылып, салық төлеушілер мен сот органдары арасында дау тудырғандықтан, уақытша тоқтатылды.

Оған қоса, салық төлеушілерге компанияны немесе кәсіпті қиындықсыз, жеңіл және жылдам түрде жабуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген тәртіп енгізіледі. Бұрын мұндай кезде тексерулер мен камералдық бақылаудан өтіп, банк мәліметтерін беру керек болатын. Енді бұл үдеріс жеңілдейді.

Біз осы ережелерді әзірлеп жатырмыз. Жалпы, 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі мен жаңа ережелер бойынша жұмысты бастап, бұрынғы кезеңдерге оралмаймыз.

– Мұндай жеңілдік – бақылау толық жүргізілмейді дегенді білдіреді. Ондай кезде қауіп-қатерлер туындайды. Сіздер сол қауіптермен қалай күресесіздер?

– Әрине, қауіп-қатерлер бар. Егер бақылау әлсіресе, түрлі схема пайда болуы мүмкін. Сондықтан біз өткен кезеңдерді тексермейміз. Бірақ 2026 жылы салық төлеушілер заң бұзса, оларға заң бұзушылықтарды өздері түзетуін талап етіп, хабарламалар жібереміз.

– Кіші және орта бизнес үшін жеңілдіктер сақтала ма?

– Иә, арнайы салық режимдері сақталады. Сонымен қатар, Үкімет 44 түрлі қызмет түрінің тізімін бекітті, оған арнайы режим қолданылмайды. Мысалы, алкоголь өнімдерін өндіру, құрылыс, банктік қызмет, жарылғыш заттарды тасымалдау сияқты салалар.

Басқа барлық бизнес түрлері жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады. Сондай-ақ арнайы салық режимі қайта құрылды. Бұрын 20 000 АЕК (шамамен 80 млн теңге) шегіне жеткенде кәсіпкер ҚҚС төлеуі тиіс болатын. Қазір бұл шектеу алынып тасталды. Енді жеңілдетілген режимде 2,5 млрд теңгеге дейін ҚҚС төлемей жұмыс істеуге болады.

Сонымен қатар, қызметкерлер санына қойылатын шектеулер алынды. Енді 100 немесе 150 қызметкер болса да, арнайы режимде қалуға болады. Біз декларацияларды алдын ала толтыру режиміне де өтіп жатырмыз. Яғни, салық төлеуші бізден толық толтырылған декларацияны алып, оны тексеріп, растай алады.

– Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты қандай?

– Негізгі мақсат – шағын және орта бизнестің жаңа ережелерге ауысуын жеңілдету. Көпшіліктің есепшісі жоқ, салық бойынша білімі жеткіліксіз, адамдар санкциялардан қорқады. Сондықтан өткен кезеңдер үшін жауапкершілік болмайтынын айтамыз.

Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап салық есебін тапсырмау үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады. Бұрын мұндай заң бұзушылықтар негізінен шағын бизнесте шамамен 300 мыңға жететін. Енді егер кәсіпкер декларация тапсырмаса, бұл үлкен мәселе емес. Біз оның кірісі жоқ деп қабылдаймыз. Кейін кіріс пайда болса, ол мәліметтерді түзетіп, айыппұлсыз, хаттамасыз реттей алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 00:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары